Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру бойынша Әлеуметтік Кеңес ісккерлігі

Ақыртас кешені   (XVIII - XIX ғасыр)

2005 жылға Кеңестің қызметі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жанынан құрылған 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес мәжілісінің хаттамасы

Алматы қаласы  № 03-4.4

2005 жыл ғы 21 қантар

 

И. Н. Тасмағамбетов төрағалық етті.

Қатысушылар: Қоғамдық кеңес мүшелері мен шақырылғандар (тізім бойынша)

 

Күн тәртібі:

 

1. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес құрамына өзгерістер еңгізу жөнінде.

2. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарыныі 2004 жылдағы орындалу барысы туралы (К. М. Байпақов, М. Қ. Әбусейітова, Р. Х. Сариева).

3. «Мәдени мұра» копоративтік қорыныі жұмысы туралы (Е. А. Абдрахманов)

 

_________________________________________________________________________________

(Тасмағамбетов,Байпақов, Әбусайітова, Сариева, Әуезов, Қойгелді, Қасқабасов, Нысанбаев, Сейдімбек, Салғарин, Сұлтанов, Тұяқбаева, Ибрагимов...)

 

2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес құрамына өзгерістер еңгізу жөнінде кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлері, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры К. М. Байпақовтың, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Р. Х. Сариеваның баяндамалары, «Мәдени мұра» корпоративтік қорының жұмысы туралы қор директоры Е. Абдрахмановтың есебі тыңдалды.

Күн тәртібі бойынша баяндамалар мен мамандар пікірлерін тыңдап, талқылай келе былай деп ұйғарылды:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жанына 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  жөніндегі Қоғамдық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1 әкіміне төмендегідей толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

- Қызмет бабының өзгеруіне байланысты Қоғамдық кеңес құрамы мүшелігінен С. А. Абдрахманов, Д. Қ. Қасейінов, Ж. А. Күлекеев шығарылсын:

- Осыған байланысты аталған Қоғамдық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрі Е. М. Қосыбаев, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. С. Әйтімова еңгізілсін.

2. Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2004 жылғы орындалу барысы туралы ақпарат еске алынсын.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт, Білім және ғылым министрліктері:

- «Мәдени мұра» айдарымен шығатын басылымдарды дайындаушылар мен шығарушылар жұмысты өзара келісе отырып жүргізуін;

- Шаралардың бекітілген жоспарға с»йкес мерзімінде орындалуын;

- Авторлық құқықты қорғау жөніндегі Берн, Женева конвенцияларының, Интеллектуальдық Меншіктің Дүниежүзілік Ұйымының 1996 жылғы авторлық құқық жөніндегі келісімінің шарттарының бұзылмауын қадағаласын.

- «Мәдени мұра» бағдарламасының іс-шаралар доспарының 32, 33, 34 тармақтарына сәйкес көрсетілген Орталықтарға 2005-2006 жылдарға бөлінген қаражат көлемі қайта қаралып, толықтырылсын.

- Археологиялық ескерткіштер кадастрын дайындау жұмыстары қолға алынсын.

- «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында атқарылып жатқан істерді насихаттау көздері қарастырылсын.

- Тиісті институттарда қазақ-қытай, қазақ-орыс қарым-қатынастарын зерттеу жұмыстарына мән берілсін.

- Іс-шаралар жоспарының 68 тармағында көрсетілген 2 томдық Қазақ зиялыларының хаттары»  атты кітаптарға қосымша «Мұстафа Шоқай. Мақалалар. Естеліктер», «Мұстафа Шоқай. Хаттар» кітаптарын шығару құрастырылсын.

- «Бейнелеу өнері» секциясының ұсынысы бойынша іс-шаралар жоспарының 77-78 тармақтарына қосымша «Қазақстан бейнелеу өнері тарихы» III томды кітабын шығару үшін 2005-2006 жылдардың бюджетінен қаржы қарастырылсын.

4. «Мәдени мұра» корпоративтік қорын бюджеттен тыс қаржы көзімен толықтыру жолдары қарастырылсын.

5. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне жүктелсін.

Қоғамдық кеңес төрағасы

И. Тасмағамбетов