Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру бойынша Әлеуметтік Кеңес ісккерлігі

Мақұл Там   (XIX ғасыр)

2006 жылға Кеңестің қызметі

2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысының хаттамасы

Алматы қалалық әкімділігінің ғимараты

2006 жылғы 17 ақпан сағат 11.00

 

И. Н. Тасмағамбетов төрағалық етті.

Қатысушылар: Қоғамдық кеңес мүшелері (тізім бойынша)

 

Күн тәртібі:

1. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2005 жылы дайындалған жіне басылып шыққан кітаптар туралы  (А. Д. Досжан).

2. 2005 жылғы алыс және жақын шетелдерге ұйымдастырылған ғылыми- зерттеу экспедицияларының нәтижесі жөнінде (М. М. Әуезов, М. Қ. Қойгелдиев).

3. 2005 жылғы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері туралы (К. М. Байпақов).

4. Ұлттық тарихтың маңызды тарихи-мәдениет және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту жұмыстарының 2005 жылғы нәтижесі туралы (Қ.Қ. Тұяқьаев).

5. Ұйымдастыру мәселелері.

___________________________________________________________________________________

(Тасмағамбетов, Досжан, Әуезов, Қойгелдиев, Кәлетаев, Байпақов, Тұяқбаев, Әбусейітова...)

 

Қоғамдық кеңес отырысы күн тәртібіндегі баяндамалар мен мамандар пікірлерін тыңдап, талқылай келе, былай деп ұйғарды:

Төмендігі:

1. – А. Досжанның  - «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылатын кітаптардың дайындық жұмыстарының барысы туралы;

- М. Әуезовтың – қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар қолжазбаларды, жәдігер басылымдарды табу мақсатына батыс Еуропа елдерінің кітапханалары мен мұрағаттарына жасаған экспедициясының қорытындысы туралы;

- М. Қойгелдиевтің – Қырғызстанда Кенесары Қасымұлының сүйегін іздеу және Өзбекстанда Әйтеке бидің кесенесін зерттеу жұмыстары туралы;

- К. М. Байпақовтың ұлттық тарихтың маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту жұмыстарының 2005 жылға нәтижесі туралы хабарламалары назарға алынсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шығарылатын кітап басылымдарының тираждарын көбейту мәселесін қолға алып, оларды жаздырып алу тәртібін анықтасын.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі ҚР Білім және ғылым министрлігіжәне облыстық, Астана мен Алматы қалалық әкімдіктерімен бірлесе отырып, 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына нақты ұсыныстар еңгізуді қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Концепциясының жобасын әзірлеп, Қоғамдық кеңестің келесі отырысының қарауына ұсынсын.

5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, қазақ тіліндегі әдеби аудармашылар курстарын ашу мәселесін қарастыру ұсынылсын.

6. Қоғамдық кеңес құрамы мүшелігінен Б. М. Қосыбаев шығарылып, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі Е. Қ. Ертісбаев енгізілсін.

7. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне жүктелсін.

 

Қоғамдық кеңес төрағасы

И. Тасмағамбетов