Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру бойынша Әлеуметтік Кеңес ісккерлігі

Аяқ-Қамыр кесенесі

2007 жылға Кеңестің қызметі

2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес мәжілісінің хаттамасы

Алматы қаласы  № 03-4.1

2004 жылдың 14 қантары

 

И. Н. Тасмағамбетов төрағалық етті.

Қатысушылар: Қоғамдық кеңес мүшелері (тізім бойынша)

 

Күн тәртібі:

1. Ұйымдастыру мәселелері «Қоғамдық кеңе төрағасын, оның орынбасарларын және хатшысын сайлау, жұмыс регламентін белгілеу).

2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына байланысты ұсынастыру талқылау.

___________________________________________________________________________________

(Тасмағамбетов, Сұлтанов, Нысанбаев, Сейдімбек, Хұсайынов, Әуезов, Қасейінов, Абдрахманов, Қойгелдиев, Кәлетаев, Тәжин, Тұяқбаева, Қодар, Салғарин, Әлімбай...)

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы И. Н. Тасмағамбетов 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттері мен бағыт-бағдарына анықтама беріп, тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен пайдалануға байланысты мемлекеттің ұстанып отырған саясатына тоқталып өтті.

Көтерілген мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің өзге де мүшелердің пікірлерін тындап, талқылай келе, былай деп ұйғарылды:

1. Мәжілістің ұйғарымына сәйкес Қоғамдық кеңестің төрағасы болып – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы И. Н. Тсамағамбетов, төрағаның орынбасарлығына – Мәдениет министрі Д. Қ. Қасейінов пен Ақпарат министрі С. Абдрахманов, кеңестің хатшылығына Р. Х. Сариева бекітілсін.

2. Кеңес хатшылығына Қоғамдық  кеңес туралы Ережені сарапшылармен бірлесе отырып дайындау және жұмыс бабында еңгізу жүктелсін.

3. Қоғамдық кеңес құрамына Білім және ғылым министрі Ж. Күлекеев, Мәдениет министрлігінің Қазақ мәдениеті мен өнертану ғылыми зерттеу институтының директоры Д. Исабеков еңгізілсін.

4. Қоғамдық кеңес мүшелерінен сайланған сарапшылардың жетекшілері өз салалары бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жұмысына қатыстырылатын мамандар тізімі ұсынсын.

5. Қоғамдық кеңес 2004 жылдың 26 қантарына дейін мәжілісте айтылған ескертілерді мұқият сараптап, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізу үшін Мәдениет министрлігіне ұсыныстар берсін.

6. Осы хаттаманың орындалуын Бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөліміне жүктелсін.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жанынан құрылған 2004-2006 жылдарға арналған  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес мәжілісінің

хаттамасы

 

Алматы қаласы  № 03-4.4

2004 жыл ғы 2 ақпан

 

И. Н. Тасмағамбетов төрағалық өтті.

Қатысушылар: Қоғамдық кеңес мүшелері (тізім бойынша)

 

Күн тәртібі:

 

1. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұжырымдамасын талқылау.

2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын талқылау.

3. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатыстырылатын мамандар тізімін талқылау.

4. Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын талқылау.

 

_________________________________________________________________________________

(Тасмағамбетов, Әуезов, Қасейінов, Абдрахманов, Сұлтанов, Құл-Мұхаммед, Байпақов, Аяған, Әбусейітова, Әлімбай, Қасқабасов, Нысанбаев, Қойгелді, Сейдімбек, Тұяқбаева, Таймағамбетов, Базылха, Сариева...)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы И. Н. Тасмағамбетов 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты негізгі мақсат-міндеттерге тоқталып, кеңес мүшелерін нақты, жан-жақты келісілген ұсыныстар беруге шақырды.

 

Күн тәртібіне сәйкес мәселелер талқыланып, Қоғамдық кеңестің өзге де мүшелерінің пікірлері тындалып, талқылай келе, былай деп ұйғарылды:

1. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұжырымдамасы Қоғамдық кеңес мүшелерінің бір апта ішінде түскен ұсыныстарымен толықтырылып, бекітілген.

2. Барлық секция жетекшілері Қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісіне дейін өз бағыттары бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде тиісті материалдар әзірлесін.

3. ҚР Мәдениет министрлігі белгіленген мерзімде Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстарымен толықтырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің ьекітіуіне ұсынсын.

4. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қатыстырылатын мамандар тізімі бекітілсін.

5. Сарапшылар торапынан құпталған Қоғамдық кеңес туралы ереже бекітілсін.

6. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөліміне жүктелсін.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы

И. Тасмағамбетов

 

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жанынан құрылған 2004-2006 жылдарға арналған  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес мәжілісінің

хаттамасы

 

Алматы қаласы  № 03-4.1

2004 жылғы  19 ақпан

 

И. Н. Тасмағамбетов төрағалық өтті.

Қатысушылар: Қоғамдық кеңес мүшелері мен шақырылған (тізім бойынша)

 

Күн тәртібі:

1. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде секция жетекшілерінің баяндамаларын тыңдау. 

 

___________________________________________________________________________________

(Тасмағамбетов, Қасқабасов, Зиманов, Әуезов, Нысанбаев, Әбусейітова, Қойгелді, Байпақов, Кенжегозин, Сариева, Аяған, Ысмағұлов, Асқаров, Биекенов, Әшімбаев, Хұсайынов, Ибрагимов, Сартаев, Исабеков, Мұхамбетова, Сапаргалиев...)

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы И. Н. Тасмағамбетов 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттері мен бағыт-бағдарына анықтама беріп, тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен пайдалануға байланысты мемлекеттің ұстанып отырған саясатына тоқталып өтті.

Көтерілген мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің өзге де мүшелердің пікірлерін тындап, талқылай келе, былай деп ұйғарылды:

7. Мәжілістің ұйғарымына сәйкес Қоғамдық кеңестің төрағасы болып – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы И. Н. Тсамағамбетов, төрағаның орынбасарлығына – Мәдениет министрі Д. Қ. Қасейінов пен Ақпарат министрі С. Абдрахманов, кеңестің хатшылығына Р. Х. Сариева бекітілсін.

8. Кеңес хатшылығына Қоғамдық  кеңес туралы Ережені сарапшылармен бірлесе отырып дайындау және жұмыс бабында еңгізу жүктелсін.

9. Қоғамдық кеңес құрамына Білім және ғылым министрі Ж. Күлекеев, Мәдениет министрлігінің Қазақ мәдениеті мен өнертану ғылыми зерттеу институтының директоры Д. Исабеков еңгізілсін.

10. Қоғамдық кеңес мүшелерінен сайланған сарапшылардың жетекшілері өз салалары бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жұмысына қатыстырылатын мамандар тізімі ұсынсын.

11. Қоғамдық кеңес 2004 жылдың 26 қантарына дейін мәжілісте айтылған ескертілерді мұқият сараптап, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізу үшін Мәдениет министрлігіне ұсыныстар берсін.

12. Осы хаттаманың орындалуын Бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөліміне жүктелсін.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы

И. Тасмағамбетов