Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру бойынша Әлеуметтік Кеңес ісккерлігі

Бір және екімұнаралы мешіттер   (XIX ғасыр)

2008 жылға Кеңестің қызметі

Қазақстан Республикасы Президенті қатысуымен өткен «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысының ХАТТАМАСЫ

Астана қаласы,

№01 -7.11 2008 жылғы 13 маусым

 

Н.Ә. Назарбаев төрағалық етті.

 

Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

 «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелері мен оның алдағы кезеңдегі міндеттері туралы

___________________________________________________________________________________

(Назарбаев, Әбусейітова, Байпақов, Қасқабасов, Әуезов, Аяған, Юшкявичус, Айлянь, Мартынов, Жолдасбеков, Нысанбаев, Сыдықов, Әбділдін)

 

1.  «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелері бойынша секциялар жетекшілері мен қатысушылардың сөйлеген сөздері назарға алынсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Мәдениет және ақпарат министрлігі:

1) Ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін Республикалық бюджеттің үш жыл мерзімге

жасалатынын және  «Мәдени мұра» бағдарламасының келесі кезеңінде зерттеу-зерделеу жұмыстары негізінен ұлттық бет-бейнені әлемдік деңгейде айшықтай алатын ауқымды жобалар төңірегінде шоғырлануын басшылыққа ала отырып, «Мәдени мұра» бағдарламасының тұжырымдамасын қайта қарап, толықтырып бекітсін.

2) 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асырылу

мерзімі өзгертіліп, оған төмендегідей мазмұнда толықтырулар енгізілсін:

Тәуелсіз Қазақстанның, елордамыз – Астананың тарихын, мәдени маңызын

айқындауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ұйымдастырушылық, ғылыми-теориялық, басқа да практикалық іс-шаралар өткізу;

Түркістан, Отырар, Сарайшық, Есік және Берел қорғандары және басқа да тарихи-

мәдени кешендерді заман талабына сай жөнге келтіріп, олардың мемлекет тарихындағы, елді біріктіруші құндылықтар ретінде алатын орнын айшықтайтын жүйелі іс-шаралар жүргізу;

Түркістан қаласында қазақ хандарының, батырлары мен билерінің пантеонын ашу жұмыстарына кірісу;

Мәдени туризмді өркендету мақсатында Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көліктік дәлізі бойынша туристік инфрақұрылымды дамыту, осы бағытта қорық-мұражайларды қазіргі заман талаптарына сай жетілдіру жолдарын айқындайтын Бас жоспар әзірлеу, оны жүзеге асыру;

Түркістан қаласында және Отырар ауданында туристік, мәдени инфрақұрылымды дамыту үшін алдын-ала жүргізілетін археологиялық сараптама жұмыстарын жеделдету;

Тарихи құндылықтарды халықаралық деңгейде насихаттау және Әл-Фараби, Бейбарыс сұлтан, басқа да әйгілі тұлғалардың қазақ жерінен шыққандығын әлем жұртшылығына таныту мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларды сапалық тұрғыда жалғастыру;

Туризм және спорт министрлігін қатыстыра отырып, ұлттық мәдениеттің айрықша маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы терең мазмұнды, жоғары сапалы деректі фильмдер жасап, олардың «Би-Би-Си», «Дискавери», т.б. әлемдік телеарналардан көрсетілуін ұйымдастыру;

Шетелдік ғалымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе отырып, ұлттық мұраларды кешенді түрде жан-жақты зерттеу, олардың әлемдік ғылыми айналымға түсуін қамтамасыз ету, көне деректерді зерттеуші ғалымдарға арнайы гранттар тағайындау.

3) Жаңартылып қалпына келтірілген тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен

сақтау жұмыстарын алдағы кезеңде облыс әкімдеріне міндеттеу шараларын жүзеге асырсын.

3. Туризм және спорт министрлігі:

1) Туристік жобаларды жүзеге асыру жұмыстары аясында ежелгі Отырар қалашығы

мен Түркістан қаласы тарихи орындарын басым бағыт ретінде қарастырып, туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жүргізсін;

2) Көлік және коммуникация министрлігімен және тиісті облыс әкімдерімен бірлесіп

көне тарихи орындарда туризмді өркендету мақсатында коммуникациялар мен жолдар тартуды, оларды қазіргі заман талабына сай абаттандыруды, инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуді қарастырсын;

3) Білім жіне ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктерімен бірлесіп «Мәдени

мұра» бағдарламасы жетістіктермен пайдалана отырып, азаматтарды отансүйгіштік және спорттық рухқа тәрбиелеу жұмыстарын өрістетіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4. Білім және ғылым министрлігі:

1) «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің

нәтижелерін жүйелеп, кешенді түрде сарапталған деректер мен мәліметтерді орта және жоғары мектептің оқулықтары мен оқу бағдарламаларына енгізсін;

2) тарихи мұралар мен ұлттық фольклорды басқа тілдерге сапалы аудара

алатын, сондай-ақ әлемдік ғылым мен ақыл-ойдың сан-саласы бойынша құнды дүниелерді қазақ тіліне тәржіме жасайтын маманданған аудармашыларды тәрбиелеуді, кәсіби реставраторларды, тарихшылар мен этнографтарды даярлауды қамтамасыз етсін;

3) Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, оқушы жастарға арналған «Менің

Отаным – Қазақстан» атты  қлкетану бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырсын.

5. Астана қаласының әкімі және Мәдениет және ақпарат министрлігі:

Ұлттық жаңғыру мен мәдени өрлеудің рухани орталығы ретінде «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша табылған негізгі мұраларды жинастырып, Астана қаласында халықаралық деігейдегі мұражай ашуды ұйымдастырсын.

6. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жүктелсін.

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Президенті

Н. Ә. Назарбаев