Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру бойынша Әлеуметтік Кеңес ісккерлігі

Қ.А. Яссауи кесенесі   (XIV - XV ғасыр)

2009 жылға Кеңестің қызметі

2009 жылғы 8 маусым

Түркістан қаласы №32-5,4

М.С.Әшімбаев төрағалық етті

Қатысушылар: кеңес мүшелері және шақырылғандар (тізім байынша)

 

Ұлы Жібек жолындағы Сайрам-Отырар-Арыстанбаб-Түркістан-Сауран және басқа да сәулет, археологиялық кешендерінде мәдени туризмді дамыту, аталған іс-шараларды орындау үшін мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру мәселесі туралы

 

 

(Әшімбаев, Мырзахметов, Бөрібаев, Тұяқбаев, Өскенбаев, Садырбаев, Сыздықов, Құртаев, Дүйсембаев, Құрманғалиева, Мұхамедиұлы, Ақсақалов, Мұхамедов)

 

1.Қоғамдық кеңес мүшелерінің Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде мәдени туризмді өркендету, Түркістан, Сауран, Отырар  қалашықтарында, Отырар шұратындағы тарихи-мәдени кешендерінде археологиялық зерттеулер жүргізу, аталған орындарды қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстары назарға алынсын.

2.Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

1) Түркістан қаласындақазақ хандарының, сұлтандары мен батырларының пантеоны жобасына кірісу, археологиялық қазба жұмыстары, консервация, қайта жаңғырту мәселелеріне байланысты ғылыми- әдістемелік кеңес құру жөнінде ұсыныс енгізсін.

2) «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрамына Туризм және спорт вице-министрі Қ.А.Өскенбаевты, Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевты енгізу жөнінде Президент Әкімшілігіне белгіленген тәртіппен ұсыныс жасасын.

3.Туризм және спорт министрлігі:

1) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп:

-Отырар ауданында туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша әзірленген құрылыс кешендерін салу жобасын қайта қарап, оңтайландырып, қаржы шығындарын ықшамдап, жаңадан ұсыныс енгізсін;

-Түркістан қаласы мен Отырар ауданындағы тарихи орындарда туристік, мәдени инфрақұрылымды дамыту жөнінде әзірленетін инвестициялық жобалар аясында алдын ала археологиялық сараптама жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасына сәйкес жүргізілетін, мәдени туризм саласына қатысты нақты іс-шаралардың тізбесін енгізсін.

4. Көлік және коммуникация министрлігі:

1) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп, Төрткөл-Шәуілдір-Түркістан тасжолын қайта жөндеуді қолға алып, Түркістан қаласындағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстарын бастасын, оған қажетті қаржы шығындары жөнінде Үкіметке ұсыныс енгізсін;

  2) Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, туристік инфрақұрылым мен жол бойы инфрақұрылымының объектілерін қамти отырып, «Қорғас» және «Достық» шекара бекеттері мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласын байланыстыру мүмкіншіліктерін қарастыратын жол картасының жобасын дайындасын.

5. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктерімен бірлесіп, белгіленген тәртіп бойынша Түркістан қаласында және Отырар ауданында тарихи-мәдени кешендерді дамыту, арнайы зерттеулерді жүргізу және туризм инфрақұрылымына қатысты обектілерді салу мақсатында қаржы бөлу мәселелерін шешсін.

6. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі:

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігімен бірлесе, Түркістан қаласындағы көлемі 56 га және Отырар ауданындағы көлемі 176,2 га болатын туристік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы үшін жер учаскесін бөлуді, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан табылған археологиялық мұралар мен «Әзірет сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайындағы мұраларды сақтайтын және қалпына келтіретін арнайы жабдықталған орынжай, сондай-ақ зияратшыларға арналған жуыну орнын салуға қажетті жер телімін бөлуді жеделдетсін;

7. Хаттамада белгіленген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттарын жинақтап, Президент Әкімшілігіне ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсыну Мәдениет және ақпарат министрлігіне міндеттелсін.

8. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөліміне жүктелсін.

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті

Әкімшілігі Басшысының орынбасары,

«Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық

жобасын жүзеге асыру жөніндегі

қоғамдық кеңестің төрағасы М.Әшімбаев