Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы шет елдік жобалар

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары

Басты бет - Мемлекеттік бағдарлама - Шетелдік жобалар - Дамаск қаласындағы (Сирия) Сұлтан Бейбарыс Кесенесі

Дамаск қаласындағы (Сирия) Сұлтан Бейбарыс Кесенесі

Бұл нысан Дамаск қаласының орталығында орналасқан. Кесене қанағаттандырарлық жағдайда. Ғимараттың сырт келбеті ешбір қауып тудырмайды. Тікбұрышты үлгідегі ғимарат. Оңтүстік батыс бөлігіндегі бөлмеде Сұлтан Бейбарыс пен оның ұлы Сұлтан Беркеханның қабыры жатыр. Орта ғасырда кесененің негізгі мүддесі Мектеп кесене болды. Қазіргі Уақытта Сұлтан Бейбарыс дәуірінен қалған ұлттық кітапхана ретінде пайдаланылуда.

Бұл кешенді ӘЛЬСАЙД Әл Мәли Насриддин тұрғызған 658-78 Хижра жылы бойынша.

Мектептің кітап қоры 200мың экземпляр қолжазба кітаптар, олар қазақ халқының тарихымен көне заман адамдарына арналған. Ол талай ғасырдан сыр шертетін құнды ескерткіш.

Сонымен қатар маңызды діни орталық «Адалия» мешітімен қатар орналасқан.

Қазір Мысыр жағы Дар Әл Күтиб кешенін жөндеуге кірісті оның құрамына Бейбарыс кесенесі де кіреді. Қаржы жетіспеуі салдарынан жөндеу жұмыстары жыл санап қалып келеді. Кесенені пайдаланушылар (Араб тілі Академиясы) кесене кітапханасын кеңейту ұсынысын жолдаған. Сондайақ кесенеге солтүстік жағын жабыса салынған «монша» ғажайып, тарихи директер бойынша онда Сұлтан Бейбарыстың өзі шомылған.