Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы шет елдік жобалар

Ботай мекені

Басты бет - Мемлекеттік бағдарлама - Шетелдік жобалар - Монғолиядағы Түй-ұқық (Тоңұқық) ескерткіш тасы мен Теркин ескерткіш тасы

Монғолиядағы Түй-ұқық (Тоңұқық) ескерткіш тасы мен Теркин ескерткіш тасы

Теркин ескерткіш тасы Мұражайда орналасқан Теркін ескерткіш тасы, төрт бөліктен құралған:

негізгі тас, жазбалары бар екі горизонталды тас және тасбақа түріндегі іргетасы. Көшірмелер екі әдіспенен жасалған (2.1, және 2.2 баптар). Силикон көшірмелерінің жасалуы үшін ескерткіш орнынан сөгіліп алынған. Жұмыстардың аяқталысымен тастардың беті өте тиянақты жуылып, ескерткіш қайтадан

ескі қалпына келтіріліп құрастырылған. Сыртқы бетінің зерттеулері, тиме көшірменің ескерткіштерге ешбір зақым келтірмегенін және сыртқы көрінісінде ешбір өзгерістерге себепші болмағандығын дәлелдеді.

Түй-ұқық(Тоңұқық) ескерткіш тасы Ескерткіш Улан-Батор қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан және төрт-жүзді биік
жазбалары бар қос тас тіректен құралған болып табылады. 2.3 бабында сипатталған әдіспенен осы жазбалардың силикон көшірмесі жасалған. 

Жұмыстар басталмастан бұрын тастардың беті сумен жуылған, айырма қабаттамасының қолданылуынан кейін, тас тіректержаңбырдан қорғау үшін полиэтилен пленкасымен қапталған. Бесінші силикон қабатының жағылуынан кейін, тіректер сырттан мата шүберектермен оралған, мұндағы мақсат көшірме материалының жазбалары бар тас бетінеодан әрі жақсы жабысуын қамтамасыз ету. Жел мен құмнан қорғау үшін шатыр жасалған. Жұмыстар аяқталысыменен тастардың беті, айырма қабаттамасынан өте тиянақты жуылды. Сыртқы бетінің зерттеулері, тиме көшірменің ескерткіштерге ешбір зақым келтірмегенін және сыртқы көрінісінде ешбір өзгерістерге себепші болмағандығын дәлелдеді.