Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның "Мәдени мұрасы" бағдарламасы аясындағы ғылыми-зерттеу жобалары

Ұлытау

Басты бет - Мемлекеттік бағдарлама - Ғылыми жобалар - Жанкенттегі археологиялық зерттеулер

Ежелгі Жанкент қалашығының археологиялық зерттеулері

Г. А. Ахатов, Т. Н. Смағұлов, А. С. Ганиева, Г. Т. Амиргалина

 

Қазақстанның ортағасырлық қала мәдениетінің зерттелуіне оғыз мезгілі кейіндеп келе жатқан осал тұстардың бірі. Сонымен бірге Арал бойындағы өткен ортағасырлық тарихи-мәдениет процестерді қайта қалпына келтіру үшін маңызды деген қала мәдениетін зерттеу қажет.

Жанкент қалашағы дала көшпенділерінің және ортаазиялық егіншілік оазистердің үздіксіз түйісуінің зонасы, көш-қон және сауда жолдарының «қиылысы» болған. Бұл жерде ұзақ уақыт бойы әр-түрлі процестер зерттеушілерге, халықтың тарихында аса маңызды аумақ секілді, Арал бойы өңірін бөліге, «этногенездің арал түйіні» деп атауға мүмкіндік берген.

 

Бірқатар ортағасырлық жазба ескерткіштері бойынша, Сырдария өзенінің төменгі жағындағы Жанкент қалашығы (Янгикент) «оғыз патшаларының» резиденциясы болған.Қаланың қалдықтары қазіргі уақытқа дейін жақсы сақталған. Қалашық жобасы бойынша тікбұрыш пішінді келген, көлемі 325х200 м. Қалашықтың солтүстік-батыс жағында жақсы сақталған цитадель орналасқан. Қаланың батыс және шығыс жағында кіретін қақпа орын тепкен. Қалашықтың фортификациясы алдына шығып тұрған жартылай дөңгелек мұнаралы сыртқы қабырғамен белгіленген.Ескерткіште бірінші археологиялық жұмыстарды 1867 ж. Түркістан археологиялық қоғамының мүшесі П. И. Лерх бастаған. Ескерткіштің жоспары жасалған, қалашықтың сыртында кішігірім қазба жұмыстары жұргізілген. Алынған материал бойынша ескерткіш XIV-XV ғғ. деп белгіленген.

 

1868 ж. ескерткішті В. В. Верещагин зерттеген. Алдын ала анықтау жұмыстары С. П. Толстовтың жетекшілігімен Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясымен 1946 ж. өткізілді. Қалашықтың топографиялық жоспары түсірілді, материалдар жинақталды. Осы алынған материалдар бойынша қалашық тұрғындарының егіншілік-көшпенді-балық аулау комплексті шаруашылығы туралы, Хорезммен мәдени-шаруашылықтық тығыз байланыстары туралы және қалашықтың оғыздарға жататыны туралы ой пікір айтылған.

 

Бірақ ескерткіште кешенді жоспарлы археологиялық зерттеулер жүргізілген жоқ.Ежелгі қалашықтың зерттелуінде жаңа кезең 2005 ж. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен, РҒА Этнология және антропология институтымен және Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен үш жақты шарт бойынша басталды.

 

2005 ж. далалық мезгілде солтүстік-батыс бөлігінде бірнеше стратиграфиялық шурфтар және қалашықтың шығыс бөлігінде қазба салынған.

 

2006 ж. қазба жұмыстарда қалашықтың шығыс бөлігінде тұрғын үй кешені зерттелген. Келесі қазба бекіністің қабырғасында салынып, қалашықтың цитаделінде жұмыстар басталды. Бұдан басқа Мыңтөбе қалашығының қорымындағы Алтын орда уақытына жататын, Жанкент қалашықтың жанында орналсқан кесене зерттелген.

 

Бекініс қабырғасындағы қазба. Қалашықтың солтүстік қаьырғасының орталық бөлігінде ұзынша тұсынан салынды. Қазбаның жалпы көлемі 108 кв.м. Қабырғаның стратиграфисын зерттеу мақсатымен қазба ішінде қалашықтың батыс және шығыс бөліктерінің қиылысында ені 1ғ5 м, ұзындығы 12 м болатын, батыс-шығыс сызығымен бағытталған траншея салынды.

 

Қабырға стратиграфиясының жалпы сипаттамасы (шаршылардың солтүстік қабырғалары бойынша). Қабырға ені 0,7-1,1 м, биіктігі 0,6 м пхсадан жасалған блоктардан құрылған. Блоктар үстінен пахса кірпіштерінің қирандылары белгіленген, көлемдері: 30-35 см х 15-20 см х 10-15 см. Қабырғаның ені алдын-ала болжау бойынша – 6,5 м. Қабырғаның ені бойымен белгіленетін биіктігі 0,6 м соғылған саз платформа үстінен көтерілген (іргетас?).

 

Платформадан төмен карбонат қосындылары, мал сүйектері (негізінен, қой, жылқы), төменгі қабаттарда балықтың қабыршағы кездеседі. 

 

Соңғы батыс шаршының стратиграфиясы өзгеше. Жоғарғы қабатында қоңыр құмдақ пахса қирандысын жауып келген. Пахса кірпіштері – 0,6м. деңгейінде қалау түрінде салынған. Пахса блоктары бұл квадратта белгіленбейді. Бұл қалашықтың ерте салынған батыс бөлігі, ал жоғары сипатталған стратиграфия кейін қосылып құрылған қалашықтың шығыс бөлігі болуы мүмкін.

 

Қазба кезінде 2 қола монета табылды. Керамика материалдары негізінен көзеден жасалған, жақсы күйдірілген қыштан тұрады. Ұсақ құмнан жасалған, қыры қалын. Қыш бөліктерінен келесі ыдыс түрлері бөлінеді: жоғарғы жақтары ілгек тәріздес ою салынған хұмдар: түбі жалпақ және төмен тік қабырғаларымен ірі ыдыстар: жалпақ тұтқасы қырынан доғал келген ожаулар.

 

Ірі сұр саздан жасалған тұтқалардың бөліктері кездеседі. Табылған күлті бөліктері бойынша келесі түрлер бөлінеді: шеттері ішіне қайырылған тік; шеттері үшкірлене сыртқа сәл қайырылған, жоғарғы жақтары өрнектелген. Оюлар ыдыстың шеттеріне салынған көлбеу шырша және ыдыстың мойынына тік шырша түрлерінде келеді.Қалашықтың қабырға мен оның қирандыларына табылған қыштың негізі бөлімі, I мың. ортасынан VIII ғ. дейін деп белгіленетін С. П. Толстов сипаттаған қышқа сәйкес.Қазба жұмыстарының жалғасуы қалашықтың бекініс қабырғаларының құрылған кезеңдерін анықтайды.

 

Цитаделдегі зерттеулер. Қалашықтың цитаделі жақсы сақталғандардың бірі, әрі кейінгі уақыттың әсерлері тимеген.

 

Цитальдегі қазба жұмыстарының мақсаты, мәдени-хронологиялық кезеңіне, стратиграфиясына, планиграфиясына және басқа ерекшіліктеріне қарай ақпарат алу. Қазбаға сыртқы жағына (солтүстік-шығыс бұрышы), бекініс қабырғасының үлкен емес кесілген жері бар, цитадельдің ішкі, солтүстік-шығыс сектрі алынды. Қазба оның келесі жалпы координаттыұ тор сызығындағы ұиындымен қосуға, қабырғаның және жаңа салынған бірыңғай стратиграфиялық профилінің қиындысын алуға салынған. Қазбаның жалпы алаңы 144 кв.м.

 

Қазба жұмыстары барысында үлкен стационарлы тұрақтың, интерьерінде және жобалауында Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қала мәдениетіне лайық үй салу салтына тән бірнеше бөлме табылған.

 

Шаруаға және тұруға арналған бөлмелер белгіленеді. Сонымен қатар қазбада ас бөлменің қалдықтары зерттелген, оның ортасында, жанында ыдыстардың сынықтары: хум, таба, дастархан секілді, тікбұрышты пішінді ошақ орналасқан. Тұрғын бөлмелерінде қабырғаларға көлденең орналасқан суфалар тазаланды, бөлмелер үлкен емес ошақтармен жылынған.

 

Қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған заттардың мол коллекциясы, мыс күмістермен, шаруа құралдарымен, сырға, сақина, құңырау, I мыңжылдықтың аяғындағы II мыңжылдықтың басындағыескерткіштердегі ұқсастығы бар тігілетін белгілер сияқты қола өнімдермен сипатталады. Қыш бұйымдар қолдан және станокта жасалған ас және шаруа ыдыстармен хум, құмыра, саптыаяқ, кесе, дастархан секілді түрде көрсетілген. Ыдыстың әшекейі, Қазақстан және Хорезм қала ыдыстарына лайық кесілген ирек сызықтардан тұрады. Сарыарқаның ортағасырлық көшпенділердің декоративті қалыпқа ұксас таңбалары да бар.

 

Сонымен, Жанкент цитаделінде қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған қыш ыдыстар кешенінде Оңтүстік Қазақстанның және Сарыарқаның отырышы-егіншілік және көшпенді тайпаларының мәдени салттары қарастырылады. Жанкент қыш ыдысындағы түрлі мәдени дәстүрлердің үйлесуі әртүрлі мәдени-шаруашылық түрлері бар оғыз этносаяси бірлестігі аясындағы түркі тайпаларының тығыз байланысының нәтижесі. Бұл жазба деректерден де жақсы байқалады.

 

Ортағасырлық Жанкенттің шаруашылық салты туралы қалашықтың маңайындағы тұрғындардың егіншілікпен айналасқанын көрсететін ирригациялық құрылыстар – арықтар және остеологиялық материалдар (қойдың, ірі-қара малының, жылқының, түйенің сүйектері). Қабатта балықтың қабыршақтары мен сүйектері мол түрде ұшырасады.

 

Мыңтөбе қалашығы қорымындағы кесенінің зерттелуі. Мыңтөбе қалашығы, жеке төбелер тәріздес болып көрініп, Жанкент қалашығынан солтүстік-батысқа қарай 2 км қашықтықта орналасқан.

 

Жердің өңделіп кетуіне байланысты ескерткіштің нақты шекарасы белгіленбейді. Қалашықтың аумағынан қыш ыдыстың мол санды фрагменттері, мыс монеталар, көгілдір плиткалардың фрагменттері табылған. Қалашықтың алаңы шамамен 300х400 м. Қалашықтың аумығында диаметрі 12 м, биіктігі 1 м, жекелген үлкен емес төбелер белгіленді. Қалашықтан оңтүстік-батысқа қарай бірнеше төбелер орналасқан, олардың жеке үй-жайы болуы мүмкін.

 

Жиналған заттар бірқатар қыш ыдысының коллекциясымен, мал сүйектерімен, нумизматикалық заттар түрінде. Нумизматикалық заттар XIV-XVII ғғ. мыс монеталары болып келеді.Қорым қалашықтан оңтүстік-шығысқа қарай 700 м жерде орналасқан, қазіргі уақытта құрылыстар тұрғы үйлердің астында қалған.Зерттелген кесене арық өазып жатқан кезде табылған, бұл жерде 13х13 м көлемді қазба салынды. Нәтижесінде қазбаның солтүстік-шығыс бөлігінде кесененің солтүстік және ьатыс қабырғалары табылды. Қабырғалардың арасында бұрыш жақсы сақталған.

 

Қазба жұмыстар барысында құрылыстың жоспары тікбұрышты, бұрыштарымен төрт тарапқа бағытталғаны анықталды. Құрылыстың көлемі шамамен 13 х 16,9 м.Құрылыстың жақсы сақталған солтүстік қабырғасы көлденең қойылған күйдірілген кірпіштерден қаланған. Оның шығыс бөлігі қираған.Қабырғаның сыртқы шеті бірқатар қойылған, өлшемі 26х12х6 см тікбұрышты кірпіштерден салынған, ішкі шеті және ортаңғы бөліктері өлшемі 24х24х15 см болатын төртбұрышты кірпіштен салынған. Қабырғаның жалпақтығы 1,4 м, сақталған бөлігінің жалпақтығы – 0,72 м.Шығыс қабырға кейбір тұста аршылды, оның ішкі шеті тек қана бірқатар кірпіш түрінде сақталған. Солтүстік қабырғадан 4 м қашықтықта, 0,78 м терендікте, шеттері қиылған, қалыңдығы 4 см күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, жартылай дөңгелек түрде құрылыс интерьерінің қалдықтары сақталған.Кесененің оңтүстік-шығыс бұрышы кірпіштердің қирандылары түрінде келген. Құрылыстың орта бөлігінде, бір-біріне тығыз, астына қарай иіліп қойылған түрдегі конструкцияның шығыс бөлігі тазаланды. Бұл қабірдің үстіндегі құрылыс болуы мүмкін.

 

 

Ежелгі Жанкент қалашығының археологиялық зерттеулері

 

Қазбаның бүкіл алаңында әртүрлі деңгейде күйдірілген кірпіштердің, глазурленген плиткалардың сынықтары, қыштың фрагменттері, мал сүйектері табылды. Қыш ыдыстар ұсақ құмнан жасалған. Сынықтар қызыл және сұ түсті. Қыш ыдыстың негізгі өрнектелетін тұсы күлтелер жіне ыдыстардың иықтары. Бұл ыдыстардың тік кесілген және ирек сызықтар және шымшылған әшекеймен білікшемен күлтелер. Көгілдір және жасыл әйнекті фрагменттер кездеседі.Глазурлі плиткалардың арасында тікбұрышты, трапециялы, төрт бұрышты формалы, рельефті өсімдік, эпиграфикалық және әртүрлі геометрикалық обмен өрнектелген фрагменттер кездеседі.Қазба жұмыстарының және байқаудың нәтижесі бойынша мемориалды-ғұрыпты құрылыс тікбұрышты формалы, мүмкін шығып тұрған порталы болады. Әзірге XIV-XV ғғ. деп белгіленді.Жалпы қыш заттардың анализы, қорымдағы кесененің қазба жұмыстары, қалашықтағы нумизматикалық материалдар мұнда Алтын Орданың ең жоғары өркендеу кезінде пайда болған, белгілі қала болғаны жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.Бұдан арғы археологиялық ескерткіштердің кешенді зерттеулері өңірдің ежелгі және ортағасырлық мәдени-тарихи процестерін қайта қалпына келтіру үшін жаңа ақпаратты материалды алуға негізделеді.