Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның "Мәдени мұрасы" бағдарламасы аясындағы ғылыми-зерттеу жобалары

Жанкент – оғыздардың астанасы   (XIX ғасыр)

Басты бет - Мемлекеттік бағдарлама - Ғылыми жобалар - Қазақтардың рухани өмірі

Қазақтардың рухани өмірі: дін, кітап баспасы, білім беру: ХІХ – ХХ басы (Мұрағат дереккөздерінің жинағы)

ҚР МОМ-де Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарлама аясында Қазақтардың рухани өмірі: дін, кітап баспасы, білім беру: ХІХ ХХ басы (Мұрағат дереккөздерінің жинағы)» атты тақырып бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеу жұмысы жүргізілді.

 

Қазіргі кезде жоба бойынша жұмыс аяқталып, 50 б.т. көлеміндегі жинақтың қолжазбасы баспаға дайындалды, тақырыбы: «Құжаттар мен материалдардағы ХІХ – ХХ басындағы қазақ кітап баспасы, білім беру мен дін Мұрағат құжаттарының жинағы. 2008.-800 б., илл.

 

Оқырмандар назарына ұсынылатын жинақ Ресей мен Қазақстанның ірі тарихи мұрағаттарынан табылып, анықталып алынған құжаттар мен материалдардың кешенінен тұрады. Жинақтағы құжаттар мен материалдар қазақ мәдениеті тарихының тұтас қабатын бейнелейді: кітап ісі, ұлттық кітап баспа цензурасы, мұсылмандық білім беру, рухани өмір мен әдебиет, сонымен қатар Қазақстандағы патшаның миссионерлік және орыстандыру саясаты.

 

Кітапқа енгізілген құжаттардың тақырыптары мен мазмұндарының әр түрлілігі, мұрағаттық деректердің сипаты қазақ халқының кеңестік кезеңге дейінгі мәдениетінің тарихын түсіну мен бағалауға жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Жинақ кеңестік кезеңге дейінгі қазақтардың рухани өмірі, ұлттық кітап ісі және білім беру саласындағы зерттеулер үшін тыңғылықты деректер базасын жасаудың алғашқы талпыныстарының бірі болып табылады. Кітапқа енгізілген құжаттар мен материалдар ұзақ жылдар бұрынғы Ресей империясының құрамында болған Қазақстанның саяси тарихы тұрғысынан да қызықты болып табылады.

 

Кітап филология, тарих және мәдениеттану саласындағы мамандарға және жоғары оқу орындары студенттеріне, сондай-ақ ел тарихымен қызығатын барлық оқырмандарға арналады.