Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның "Мәдени мұрасы" бағдарламасы аясындағы ғылыми-зерттеу жобалары

Қарағұл кесенесі   (XIX ғасыр)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қорындағы сирек кездесетін қолжазбалар мен басылымдар және шығыстық нумизм

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қорындағы сирек кездесетін қолжазбалар мен басылымдар және шығыстық нумизматика коллекциясы: каталогы

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қорларындағы сирек кездесетінқолжазбалары, кітап басылымдарды және нумизматикалық материалдарды іріктеу, түгендеу, зерттеу, жүйелеу, фотосуретке түсіру, өлшемдерін анықтау, ғылыми сипаттамасын жасау, халықаралық стандарттарға сәйкес библиографиялық тізімін түзеу негізінде кешенді каталогты дайындау көзделінген еді. Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қорындағы сирек кездесетін қолжазбалар, басылымдар және шығыстық нумизматика коллекциясы» атты ғылыми-қолданбалы жобаның 2005-2007 жылдарыатқарылған ғылыми жұмыстары толық орындалды.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей коллекциясындағысирек кездесетін қолжазбалар, басылымдар, шығыстық нумизматикалық және оның ғылыми кітапханасындағы сирек кездесетін кітап басылымдардыіріктеу, жүйелеу, каталогтау,ғылыми сипаттамаларын түзеу, сандық фотосуретке түсіру жұмыстары толық аяқталды.Әр бір сақтау бірлікке қатыстығылыми әдебиеттерді кеңіненпайдаланып қажетті толықтырулар мен сипаттамаларыенгізіліп дайындалды.

 

Ғылыми-қолданбалы жұмысты іске асыру барысында 3 томдық каталог дайындалды. Олар:

 

I-том «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейқорындағы сирек кездесетін қолжазбалар мен басылымдар каталогы» - 25 б.т.  (орындаушылар: Н. Базылхан, Ж.М. Белтенов, Б. З. Жайлыбаев)

 

Бұл том бойынша музей қорындағы 167 сақтау бірлігінің ғылыми сипаттамалары қазақ және орыс тілдерінде толық жазылып бітті, қолжазбалар мен басылымдардың сандық фотосуреттері толық түсірілді.

 

Ғылыми зерттеу жұмыстарының2005-2007 жылдарға бекітілген жоспары бойыншамузей қорында жинақталған 167 сақтау бірліксирек кездесетін қолжазбалар мен басылымдар ішінен 39 сақтау бірлік қазақ тіліндегі қолжазбалар мен басылымдар, 31 сақтау бірлік Құран кітаптар, 6 сақтау бірлік Құран тәпсірлері, 5 сақтау бірлік Мұхаммедия кітаптар, 3 сақтау бірлік Мұхтасар кітаптар, 5 сақтау бірлік грамматикалық оқулықтар, 1 сақтау бірлік сөздік және араб, парсы, түрік, татар өзбек, шағатай тілдерінде хатталынған 78 сақтау бірлік үлкенді-кішілі әртүрлі діни мазмұнды литографиялық басылымдармен қолжазбалар енгізілді.

 

II-том«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейқорындағы шығыстық нумизматика коллекциясы каталогы»-30 б.т. ( орындаушылар:Н. Базылхан, Р.З. Бурнашева, П.Н. Петров, Д.Жолдасбаева)

 

Каталогқа көптеген жылдар бойы музей қорында жиналған шығыстық алтын, күміс және мыстиындары енгізілген. Аталмыш нумизматикалық деректер Қазақстан аумағында VII-XX ғғ. тарихи дереккөз болып табылатын ақша айналымының дамуы мен ерекшелігі туралы құнды ақпараттарды құрайды. Аталмыш том бойыншамузей қорындағы 2903 сақтау бірлік шығыс тиындардың (түргеш, кушн-сасанид, саманид, қарахандық, жошылық, алтын-ордалық, шағатайлық, темірлік, бұхаралық, хорезмдік, самарқандтық, османдық,ирандық, қытайлық, жапондық, ирандықжәне т.б. ) ғылыми сипаттамалары қазақ және орыс тілдерінде толық жазылып бітті. Сондай-ақшығыстық тиындардың 2903 сақтау бірлігініңсандық фотосуреттері түсірілді, олардың метрологиясы (өлшемдері мен салмақтары) толық жүргізілді.

 

III-том«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей Ғылыми кітапханасындағысирек кездесетін басылымдар каталогы XIX-XX ғғ.» - 20 б.т. (орындаушылар:П.Әуесбаева, Г.Ильясова)

 

Аталмыш том бойынша музейдің сирек кітаптары қорындағы РесейдеXIX-XX ғасырларда басылып шыққан Қазақстан тарихы мен мәдениетіне, жалпы түркі әлеміне қатысты археологиялық, этнографилық, тілдік, жағрафиялық және т.б. салалар бойынша 3500 сақтау бірлік сирек басылымдардың картотекалары жазылып, одан 1500 данасын іріктелініп дайындалды. Олар мерзімі мен атаулары бойынша жүйеленіп әзірленді.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейдің кітапхана қорындағы 1500 кітаптың картотекасының алғашқы варианты жасалып, компьютерге терілді.

 

Каталог материалдарын алфавиттік-типтік тұрғыдан жүйеленіп ірі топтамаларғатоптастырылып іріктелінді. Мысалы:

§ «Труды общества изучения Киргизского края»;

§ «Известия  Императорского Русского Географического Общества»;

§ «Записки Императорского Русского Географического Общества»;

§ «Известия Государственного Русского Географического Общества»;

§«Труды Восточного отделения Императорского Русского Археологического Общества», «Известия Императорской Археологической Комиссии»;

§ «Известия Общества археологии, истории и этнографии при Императорском Казанском Университете»;

§«Записки Императорского Русского географического общества» жәнет.б.

 

Жобаны орындау барысында2005-2007 жылдары Түркістан, Тараз, Шымкент (Қазақстан), Ташкент (Өзбекстан), Қазан (Татарстан) қалаларының тарихи-өлкетану музейлері, кітапханалары, мұрағаттары және ғылыми орталықтарынағылыми іссапарлар ұйымдастырылды. Жобаның ғылыми зеттеулеріне аса қажетті бірсыпыра тың деректемелер мен материалдар алынды.

 

Аталмыш жоба бойынша кешенді ғылыми-қолданбалы 3каталогтың электрондық нұсқаларытолықдайындалып әзірленді.