Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Материалдар

Домбауыл кесенесі

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар

Оқиғалар

29 қараша 2016
Сүйікті Отанымызға арналады

30 қарашада «Астана Опера» театрының Камералық залында белгілі қазақстандық композиторлар – Серікжан Әбдінұровтың «Отан» және Әліби Әбдінұровтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арнаған «Елбасы» әндерінің тұсауы кесіледі.

Толығырақ
 
15 қараша 2016
Қазақ вальсі шырқалады

2016 жылы 1 желтоқсанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Президент күніне арналған «Қазақ вальсі» музыкалық вернисажы өтеді. Халықаралықконкурстардың лауреаттары Ақалтын Бекболатова (вокал) мен Әлия Исабаева (рояль) қазақ операларынан ариялар, Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова және т.б. репертуарынан әндер орындайды.

Толығырақ
 
08 қараша 2016
Ұлттық музей Астанадағы ең ірі халықаралық кітап көрмесіне қатысады

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2016 жылғы 9-12 қараша аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Eurasian Book Fair-2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысады.

Толығырақ
 
07 қараша 2016
BonArt үйінің көрмесi

2016 ж. 17 қараша күні сағ. 15.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде BonArt халықаралық аукциондық үйінің пресс-туры өтеді. Көрме 2016 ж. 18 қараша мен 3 желтоқсан аралығында болады.

Толығырақ
 
02 қараша 2016
Опера саңлақтары

Астана. Жаннат Бақтай, Салтанат Ахметова, Әлфия Кәрімова, Маргарита Дворецкая, Жан Тәпин, Талғат Ғалеев және Евгений Чайников биік өнерді бағалаушылар мен сүйер қауымды 9 қарашада "Астана Опера"театры Камералық залында күтеді. Жұлдызды орындаушылар құрамы «Достар ортасында» циклынан ұсынылатын Viva l'opera! концертінде өнер көрсетеді.

Толығырақ
 
18 қазан 2016
Ұлы Абайдың әуені Ресей композиторына шабыт берді

Композитор әрі дирижер В. Соболевтің (Санкт-Петербор, Ресей) «Абай тақырыбына экспромт» атты музыкалық пьесасының әлемдік тұсаукесері 19 қазанда «Астана Опера» театрының Камералық залында өтеді. Жаңа шығарма Симфониялық оркестрдің солисті, бірінші скрипкасы Қаламқас Жұмабаеваға арнайы жазылған. Ол халықаралық байқаулардың дипломанты Долорес Үмбетәлиевамен (фортепиано) бірге елордалық әнсүйер қауымға «Скрипка музыкасының жауһарлары» атты концертін ұсынады

Толығырақ
 
06 қазан 2016
Балет-бестселлер

Аты аңызға айналған Борис Эйфман атындағыСанкт-Петерборлық академиялық балет театрының гастрольдік сапары небары екі күн – 14 және 15 қазанда өтеді. Труппаның орындауындағы  А.С.Пушкин романының желісімен П.И.Чайковский мен А.Ситковецкийдің музыкасына жазылған («Автограф» рок тобы) «Евгений Онегин» балеті, «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында алғаш рет қойылмақшы.

Толығырақ