Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Материалдар

Мавзолей Шокай-Датки   (XVII - XVIII ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар

Оқиғалар

19 қыркүйек 2016
Италия және Беларусь қонақтары «Астана Опера» театрында

25 қыркүйек, Астана.   Италия, Беларусь және Казақстан әртістері «Жібек жолы» фестивалінде кездеседі. Жетекші солисттер, хор және “Астана Опера” Симфониялық оркестрі Үлкен зал сахнасында итальяндық композитор Джакомо Пуччинидің көрнекті туындысы “Мадам Баттерфляйді” ұсынады. Италиядан келген маэстро Джузеппе Акуавива дирижерлық тізгінді қолына алады. Бас партияны Беларусь халық әртісі Нина Шарубина орындайды.

Толығырақ
 
15 қыркүйек 2016
Жас музыканттар үш дәуірдің музыкасын ұсынады

Жас музыканттар, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары - Зере Төлегенова, Арман Жексенбай, Айдар Қазкен – 24 қыркүйекте «Астана Опера» театрының Камералық залысахнасында барокко дәуірінің музыкасын, ХХ ғасырдың романтизмі мен музыкасын орындайды.

Толығырақ
 
08 қыркүйек 2016
«Жiбек жолы» ІІІ Халықаралық фестивалi

2016 жылы 22 қыркүйек. «Астана Опера» театр.  «Жібек жолы» ІІІ Халықаралық фестивалі қазақ музыка өнерінің ең озық жетістіктерінің бірі – ұлттық композиторлар А. Жұбанов пен Л. Хамиди жазған «Абай» операсымен ашылады. Либретто авторы – Мұхтар Әуезов.

Толығырақ
 
07 қыркүйек 2016
Халықаралық кiтапханашылар конгресi «Әлем. XXI Ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестiк пен мәдениетке»

2016 жылғы 15-16 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке» тақырыбында Халықаралық Кітапханашылар конгресі өтеді.

Толығырақ
 
06 қыркүйек 2016
Концерт маусымының салтанатты ашылуы

қыркүйек, Астана. ІV концерт маусымы «Астана Опера» театрының Камералық залында ашылады. Кеш белгілі қазақстандық музыкант Эльдар Сапараевтың жетекшілігімен «Астана Опера» Камералық оркестрінің қатысуымен өтеді. Жеке орындауда – халықаралық байқаулардың жеңімпазы, пианиношы Әлібек Әлпиев.

Толығырақ
 
05 қыркүйек 2016
Алматы-Art, Дәстүрлі ұлттық өнерді жаңғырту

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжімен бірлесіп, 2016 жылдың 7 қыркүйегінде Алматының 1000 жылдығына арналған «Алматы-Art, Дәстүрлі ұлттық өнерді жаңғырту» атты студенттердің І Халықаралық фестиваль-байқауын және «Алматы және оның әлем мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» тақырыбында І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

 

Толығырақ
 
01 қыркүйек 2016
Алматы – менің махаббатым

2 қыркүйекте Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Алексей Уткиннің алмалы қаланың 1000 жылдығына арналған «Алматы – менің махаббатым» атты жеке көрмесі ашылады. Онда суретшінің 60-қа жуық кескіндемелік және графикалық жқмыстары қойылады. Шебердің шығармашылық өмірбаянында Вашингтондағы «ІІ жол» және Нидерландының Корольдік Елшілігіндегі «Тюльпан және адам» көрмелерін қосқанда, ондаған көрмесі мен марапаттары бар.

Толығырақ