Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Материалдар

Жамбыл Жабаев ескерткіші

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар

Оқиғалар

05 қыркүйек 2016
Алматы-Art, Дәстүрлі ұлттық өнерді жаңғырту

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжімен бірлесіп, 2016 жылдың 7 қыркүйегінде Алматының 1000 жылдығына арналған «Алматы-Art, Дәстүрлі ұлттық өнерді жаңғырту» атты студенттердің І Халықаралық фестиваль-байқауын және «Алматы және оның әлем мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» тақырыбында І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

 

Толығырақ
 
01 қыркүйек 2016
Алматы – менің махаббатым

2 қыркүйекте Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Алексей Уткиннің алмалы қаланың 1000 жылдығына арналған «Алматы – менің махаббатым» атты жеке көрмесі ашылады. Онда суретшінің 60-қа жуық кескіндемелік және графикалық жқмыстары қойылады. Шебердің шығармашылық өмірбаянында Вашингтондағы «ІІ жол» және Нидерландының Корольдік Елшілігіндегі «Тюльпан және адам» көрмелерін қосқанда, ондаған көрмесі мен марапаттары бар.

Толығырақ
 
25 тамыз 2016
Кемеңгер мерейтойы

Ұлы композитор В.Ц.Моцарттың туғанына 260 жыл толуына орай бүкіл әлем бойынша концерттер ұйымдастырылуда. «Астана Опера» театрының Камералық залы да концерттік маусымын «Өлмейтін Амадеус» мерекелік бағдарламасымен аяқтамақшы.

Толығырақ
 
24 тамыз 2016
ҰЛЫ ДАЛА БОЯУЛАРЫ

2016 жылы 26 тамыз күні  Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Марат Тұрғымбайдың «Ұлы дала бояулары» атты жеке көрмесінің ашылуы болады.

Толығырақ
 
24 тамыз 2016
«Smart life – Created in China 2016» көрмесінің ашылуы

2016 жылғы 26 тамыз ҚР Ұлттық кітапханасында «Smart life – Created in China 2016» көрмесінің («Даналық. Өмір - Қытайда зияткерлік деңгейде жасалған 2016» көрмесі) ашылуы және «Қытай мәдениеті мен әдебиеті залының» (Қытай павильоны) тұсаукесері  өткізіледі.

Толығырақ
 
16 тамыз 2016
«Астана Опера» Камералық залдың ІV концерттік маусымының ашылуы

2016 жылдың 7 қыркүйегінде «Астана Опера» театрының Камералық залы өзінің ІV концерттік маусымын ашады. Концерттер ұйымдастырушылары тарапынан жаңа театр маусымында қызықты да мәнді бағдарламалар даярлауда

Толығырақ
 
11 тамыз 2016
Астанада III Халықаралық балет әртістерінің конкурсы өтеді

10 тамыз, 2016. Астана. Қыркүйектің 10 мен 17-сі аралығында Астанада ІІІ Халықаралық балет әртістерінің конкурсы өтеді. Конкурстың құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы соңғы жылдары Қазақстанның хореография өнерін дамытуға зор үлес қосып келе жатқан  «Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры» жеке қоры.

Толығырақ