Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Материалдар

"Сарман Қожа" мұнарасы   (XI ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар

Оқиғалар

25 қараша 2011
Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге, әкетуге және оларға меншік құқығын беруге тыйым салатын заң қабылданды

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге, әкетуге және оларға меншік құқығын беруге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Толығырақ
 
24 қараша 2011
Алматы Қазақ ұлттық консерваториясында пианистердің V Халықаралық байқауы өз мәресіне жетті

Қарашаның 15-23 аралығында Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында V Халықаралық пианистер конкурсы өтті. Оған АҚШ, Жапония, Франция, Австралия, Корея, Ресей, Украина, Беларусь, Грузия мен Қазақстанның жас пианистері қатысты.

Толығырақ
 
15 қараша 2011
Астанада қарашаның соңында итальяндық хореографтың қойылымындағы «Эсмеральда» балетінің премьерасы өтеді

25-26 қарашада сағат 19.00-де Астанада К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында В.Гюгоның «Собор Парижской Богоматери» романының желісі бойынша жазылған Ц.Пунидің әйгілі «Эсмеральда» балетінің премьерасы өтеді. Бұл балетті қойған итальяндық хореограф Антонио Канделоро.

Толығырақ
 
14 қараша 2011
Мәжіліс депутаттары мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны бекітті

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілік етуімен өткен Палатаның жалпы отырысында «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Толығырақ
 
14 қараша 2011
Күйлердің домбырада орындалуы мен домбырамен ән айту әлемдік материалдық емес мұра тізіміне қосу ұсынылып отыр

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәдениет министрінің баяндауынша: Еліміздің мәдени мұрасының қаншалықты бай екендігін ескерсек, Қазақстанның да бұл тізімге ұсынары жетерлік. Домбырамен ән айту, домбырада күй ойнау, қобызбен күй ойнау сияқты тек қана қазақ халқына ғана тән материалдық емес мұра әлемдік тізімді байыта түсетіні күмәнсіз.осылай деді.

Толығырақ
 
14 қараша 2011
Мәжіліс депутаты елордада әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың ескерткішін орнатуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Гүлнәр Сейітмағамбетова елордада әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың ескерткішін орнатуды ұсынды. Бұл туралы депутат бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке жолдаған сауалында айтты.

Толығырақ
 
14 қараша 2011
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет министрі Құл-Мұхаммедті қабылдады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет министрі Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Толығырақ