Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Материалдар

Әулиекөл   (XIII - XV ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар

Оқиғалар

23 мамыр 2016
Махаббатты жырға бөлесек…

«Астана Опера» театрының жетекші солисттері – Башқұртстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова (сопрано) мен халықаралық байқаулардың лауреаты Мейір Бәйнешовтің (тенор) қатысуымен асқақ сезімге арналған концерт ұсынылады. «Махаббатты мадақтау» 28 мамырда Камералық залда өтеді.

Толығырақ
 
13 мамыр 2016
Асқақ пилотаж

Сахнада тек әйгілі есімдер – танымал Салтанат Ахметова, сүйкімді Әлфия Кәрімова, жарқыраған Дина Хамзина,ғажап Маргарита Дворецкая, шабыты тасыған Жан Тәпин, тартымды Талғат Ғалеев және жалынды Евгений Чайников. 21 мамырда «Астана Опера» Камералық залында «Достардың арасында» циклынан «Viva l`opera!» атты концерті өтеді.

Толығырақ
 
11 мамыр 2016
Құрманғазы атындағы оркестр Астанада үлкен концерт өткізеді

 Астана. Ертең Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі «Қазақстан» Орталық концерт залында «Ұлы Дала мұрасы» концертін өткізеді. Әйгілі оркестрдің Елордадағы алғашқы концерттік кеші Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналады.

Толығырақ
 
04 мамыр 2016
«Мен көшпендімiн» көрмесі

6 мамыр күні  Ә. Қстеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде екі ұрпақтың суретшілері – Вагиф Рахманов (Қазақстан) пен Наргис Рахманова-Дресслердің (Қазақстан-Германия) «МЕН – КӨШПЕНДІМІН» көрмесінің ашылуы болады. Келушілерге екі суретшінің жұмыстарын қарап шығып, олардың жеке көзқарастары мен идеяларының тоғысқан жерлерін қадағалау мүмкіндігі беріледі.

Толығырақ
 
03 мамыр 2016
Шайқасқа Радамес шығады

Мариинский театрының (Санкт-Петербург) ең үздік тенорларының бірі танымал Ахмет Ағади «Астана Опера» театрының Үлкен залында алғаш рет Радаместің партиясын орындайды. Итальяндық композитор Дж. Вердидің «Аида» операсы астаналық көрерменге 7 мамырда аса көрнекті режиссер һәм заманауи сценограф Франко Дзеффиреллидің (Ла Скала, Италия) қойылымында ұсынылады. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Толығырақ
 
28 желтоқсан 2015
Қазақстанда «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасы басталды

Толығырақ
 
22 желтоқсан 2015
«Астана Операдағы» музыкалық Рождество

Толығырақ