Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Бозоқ   (XIII - XIX ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Сейсенбі, 08 тамыз 2017Алматы қ. Абай даңғылы, 14

ҚР Ұлттық кітапханасы

9 тамыз 2017 ж., 11.00                                                     

2017 жылғы 9 тамыз сағ. 11:00-де Н.Дәулетова атындағы залдаҚазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетімен бірлесе отырып ұйымдастырылған, Кувейттік ақын, меценат Абдул Азиз Сауд әл-Бабтин мырзаның поэзиясына арналған  іс-шара өткізіледі.

Кувейттік ақынның «Кувейт шұғыласы» атты өлеңі(араб және қазақ тілідерінде), «Кувейттік ақын – Абдул Азиз Сауд әл-Бабтин поэзиясы және оның ерекшелігі», «Абдул Азиз Сауд әл-Бабтиннің таңдамалы өлеңі»атты кітаптарының тұсаукесу рәсімі өтеді.

Абдул Азиз Сауд әл-Бабтин 1936 жылы Кувейтте дүниеге келген. 2009 жылы іс-сапармен Қазақстанда болған. Қазақ халқына деген ерекше ықыласы бар Кувейт азаматы Кувейт Ұлттық білімді қолдау комитетінің, Кувейт әдебиетшілері ассоциациясының белді мүшесі. Сондай-ақ араб мәдениетінің бейруттік Жоғары кеңесінің, Марокколық «Фассаис» мәдени қоғамдастығының мүшесі. Сонымен қатар Дамаск Араб тілі академиясының мүше-корреспонденті ретінде араб елдеріне танымал беделді тұлға.

Кувейт мемлекетінің көрнекті қоғам қайраткері араб поэзиясы мен әдебиеті мұраларын жинап, басып шығару, көпшілікке насихаттау, ақындарды қолдау мақсатында «Поэзиялық шығармашылықты қолдау қорын» құрған. Қазіргі кезде осы қордың директорлар Кеңесінің Төрағасы.

Іс-шара барысында Сирек кітаптар және қолжазбалар қызметі қорынан көрме ұйымдастырылады.

Қатысушылар: зиялы қауым, кітахана қызметкерлері, БАҚ өкілдері.