Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Мірәлі баб кесенесі   (XII - XV ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Сейсенбі, 08 тамыз 2017Алматы қ. Абай даңғылы, 14          

ҚР Ұлттық кітапханасы

8 тамыз 2017 ж., 12.00                                               

2017 жылғы 8 тамыз сағ. 12:00-де Н.Дәулетова атындағы  залда Қазақстан Републикасы Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті арасында бірлескен меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

Осы меморандум бойынша бірлескен іс-шаралардың алғашқысы ретінде белгілі қоғам қайраткері, еліміздің спорт саласының дамуына мол үлес қосқан Ақбаев Аманша Сейсенұлының (1937-2004) туғанына 80-жыл толуына орай салтанатты жиын өтеді. Іс-шара аясында А.С.Ақбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылады.

Іс-шараға Аманша Сейсенұлының жұбайы Райхан Ғазизқызы және де Аманша Сейсенұлымен үзеңгілес болған әріптестері, шәкірттері, спорт саласына еңбегі сіңген азаматтар қатысады деп жоспарланған.

Барлық БАҚ өкілдерін шақырамыз және press@olympic.kz электронды поштасына хат жолдап тіркелулеріңізді сұраймыз.