Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Қажы Талиға   (XVII ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - "Жетім көрсең жебей жүр" қайырымдылық акциясы

"Жетім көрсең жебей жүр" қайырымдылық акциясы

Сейсенбі, 06 маусым 20171 - ші маусым Балаларды қорғау күні. Бұл халықаралық мереке 1950 жылдан бері тойланып келеді. Осы атаулы мерекеге орай "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" РМҚК  ұжымы  Шымкент қаласындағы "№ 6 Балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Жетім көрсең жебей жүр" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 

1 - ші маусым Балаларды қорғау күні. Бұл халықаралық мереке 1950 жылдан бері тойланып келеді. Осы атаулы мерекеге орай "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" РМҚК  ұжымы  Шымкент қаласындағы "№ 6 Балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Жетім көрсең жебей жүр" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы директоры А.К.Жандосов арнайы іс-шараға қатысып, балаларды бүгінгі мерекемен құттықтап, мұражай ұжымынын атынан балаларға мерекелік сый-сияпаттар табыстады. Мұражай директоры мен қызметкерлері балалардың жеке шығармашылығымен танысып, олардың жүрекжарды тілектерін тыңдап, алғыстарын алды. Шараның соңы балалардың мерекеге арнайы әзірлеген мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты. Қамкөңіл бүлдіршіндерге бір күн болса да қуаныш сыйлаған мұражай ұжымына мекеме директоры Ауанасова Камила Мусировна өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарының шексіз екенін айтты.