Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Түрік мұрасы   (VIII ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - Ұлттық музей Астанадағы ең ірі халықаралық кітап көрмесіне қатысады

Ұлттық музей Астанадағы ең ірі халықаралық кітап көрмесіне қатысады

Сейсенбі, 08 қараша 2016Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2016 жылғы 9-12 қараша аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Eurasian Book Fair-2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысады.

«Eurasian Book Fair-2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі –ТМД, Еуропа және Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылыми, білім беру және полиграфия компанияларын үлкен бір интеллектуалды алаңға біріктіретін еуразиялық кеңістіктегі ең ірі мәдени-ағартушы шаралардың бірі.

2016 жылғы 9 қарашада сағат 12:00 ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының «Қазына» топтамасымен шығарған алғашқы кітаптарының таныстырылымын өткізеді. Олар:«Ғасырлар алтыны. Ұлттық музейдің алтын және күміс бұйымдарының топтамасы» және «Ұлттық музей топтамасындағы қазақтың зергерлік өнері» атты түрлі-түсті альбом-каталогтармен Қалиолла Ахметжанның «Қазақтың отты қаруларының тарихы» кітабы. Бұл сериялық басылымдарды дайындау мен басып шығарудағы негізгі мақсат – Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы мен мәдениетіне қатысты тың материалдарды жинақтау, ғылыми талдау және толыққанды дерек ретінде ұсыну, ғылыми айналымға енгізу.

Көрме-жәрмеңкеде сонымен қатар, жазушы Жарылқап Бейсенбайұлының ҚР Ұлттық музейі ғылыми-методикалық кеңесінің мақұлдауымен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен жарық көрген «Шоқан Уәлиханов» атты тарихи-ғұмырнамалық кітабының орысша жаңа басылымының таныстырылымы өткізіледі. Ол шығарманың алғашқы басылымының тұсаукесері 2015 жылдың соңында Мәскеу қаласындағы Орыс географиялық қоғамының штаб-пәтерінде өткен болатын.

Көрмеде сондай-ақ, ҚР Ұлттық музейінің Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімшісінің Археология және этнография институтымен бірге Шығыс Қазақстан облысында жүргізілген археологиялық экспедиция нәтижелері көрсетіледі. Сол сияқты Ұлттық музейдің  төл басылымы – «Мәдени мұра» журналы және Ұлттық музей қорынан келесі жәдігерлер: сирек кітаптар, бірегей музыкалық аспаптар, қанжарлар, қабырға панносы–плакеткалар, кәдесый бұйымдары, қазақтың ұлттық зергерлік қолөнер әшекейлері, және т. б. жұртшылық назарына ұсынылады.

Көрме аясында ауқымды мәдени-іскерлік бағдарлама – ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, әйгілі мәдениет қайраткерлерімен,ақын-жазушылармен кездесулер, форумдар, байқаулар, викториналар жүзеге асырылады. 

Мәліметтер бойынша:http://mks.gov.kz/