Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның Мәдени мұрасы

Қарасай, Ағынтай батыр ескерткіштері

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер - Павлодар облысы

Павлодар облысы    [ қалыптасқан мерзімі: 1 Наурыз 1938 ж. ]

Павлодар облысы мемлекетіміздің ең сұлу өңірлерінің бірі Баян-Ауыл ұлттық паркімен әйгілі. Ол өндірісі жоғары дамыған Екібастұз қаласынан 100 километр қашықтықта орналасқан.

Ұлттық паркте 4 түрлі өсімдік әлемі: орман зонасы, тал, жазық дала және дала зонасын құрайды.

 

 

                                                                                                       

Баянаул ұлттық саябағы – Қазақстанның ең сұлу өңірлерінің бірі.

Баянаулды Қазақстанның інжу маржаны, аңыз бен мифтер әлемі деп атайды.

Мұнда жұқа нанға ұқсас табиғи сипатпен тастар орналасқан.  Мұнда түрлі формадағы таулы тастардың өзінің атынан сай аңыздары да бар: Атбасы, Кемпіртас, Найзатас, Оқжетпес, Көгершін.

Тау арасында ойпаттарда таулы ағындылар құятын Жайсыбай, Сабындыкөл, Торайғыр өзендері бар.

Баянаул жайылым ландшафтарымен әігілі ғана емес. Жиырмасыншы ғасырдың басында тауларда тасталған суреттер – петроглифтер, олардың бір бөлігі археолог-ғалымдармен зерттелген еді.

Таулы-орманды массиві Баянаул петроглифтері таулы шыңның астарындағы ерекше техникамен суреттелгені ежелгі бейнелеу өнерінің үлгілерін танытады. Олар жиі адам бармайтын жерде орналасып, онда ежелгі адамдар діни және мәдени жағынан қасиетті сыйыну орын болады. Кірпіш қызыл түсті минералды бояуымен бояған. 1926 жылы орысгеоргафы және саяхаттанушы Драверт тұрғызылған Атбасыдан алыс емес, Жақсыбай өзенінің жағалауында ұңгірді ашып, сипаттаған. Бұл суреттер салт жораларын танытады. Қазір үңгір зерттеушінің атын иеленген.

Үленті жені Шідерті – екі өзенінің арасында рельефті тәсілмен жасалған шың суреттерімен сипатталатын тағы бір ескерткіш табылған. Осы өңірді зерттеу нәтижесінде археологиялық ескерткіштер табылып, мәліметтер бойынша неолит дәірінен жаңа дәуірге дейінгі уақытты қамтыған.  Ежелгі  ғибатханалардың ішіндегі белгілердің бірі -  Тасмола және Нұрманбет шатқалындағы сақ қолбасшыларының, қола дәірінің адамдарының құпиялы суреттері сипатталған Жартас-Үленті жазуларында анықталған.

А. Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдары, Павлодар пединститутының оқытушылары мен студенттері, облыстық тарихи-краевед музейі елді мекенді зерттеуге бағыт бұрды.  Соңғы ашылымдардың бірі - Әулиекөл. Зерттеушілердің айтуынша бұл жерде Сарыарқа көшпенділерінің мәдени-саясат орталығы болуы мүмкін.

Экспедицияның басшысы, археолог Тимур Смағұлов зерттеуі бойынша Әулиекөл қалашығы ортағасыр дәірінің біздің эрамызға дейінгі XIV-XV  ғ.ғ. құрылған. Алты жүз мыңжылда өмір сүрген адамдар кімдер болды және немен айналысты? Ол туралы археологиялық зертеулердің нәтижесінде ұсыныстарды құруға болады (Экспедиция архивінен фото).

Бүгінгі күнде Павлодар облысының аймағында Баянауыл тауларында және Сары-Арқа солтүстік-шығыста опрналасқан  он шақты алғашқы тас өнерінің ескерткіштері белгілі.  Мүмкін, бар ескерткіштердің бұл тек бір бөлігі жаңа суреттердің табылуы да ескертіледі.

Павлодар Ертіс жағалауында көптеген ежелгі адамдар қонысы табылып, олар бөлшекті зерттеуді қажет етеді.