Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Материалдар

Н.Әбдіровтің ескерткіші

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары

Мәдениет жаңалықтары

22 қыркүйек 2017
Мұғалжардағы археологиялық зерттеу жұмыстары

 Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің  «Мұғалжар кенді аудандары және археометаллургия: палеометалл дәуіріндегі кенді игеру көздеріне пәнаралық зерттеу»  жобасы аясында Ортылық Мұғалжарда археологиялық және геоархеологиялық далалық зерттеу жұмыстары өтті. 

Толығырақ
 
21 қыркүйек 2017
Әуенді күз

 Маусым аралығында «Астана Опера» театры өз жұмысын жалғастыруда. Күзгі мезгіл элегия музыкалық жанрымен үндес. 24 қыркүйек күні Камералық зал сахнасында «Bel Canto музыкалық салоны» топтамасынан «Күзгі элегия» концерті орын алмақ.

Толығырақ
 
21 қыркүйек 2017
Ереванда Қазақ киносы апталығы өтіп жатыр

 Үстіміздегі жылғы қыркүйек айының 18-і мен 21-і аралығында, Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жыл толуына орай Ереван қаласындағы «Мәскеу» кинотеатрында Қазақ киносы апталығы өтіп жатыр. Аталмыш мәдени-іс шеңбері аясында әр жылдары жарыққа шыққан үздік отандық фильмдер көрсетіледі.

Толығырақ
 
20 қыркүйек 2017
«Астана Опера» балет труппасы гастрольмен шығысқа жол тартпақ

 «Астана Опера» балет труппасы Маскат қаласындағы (Оман) Корольдік опера театрының сахнасында П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» спектаклінің премьерасын ұсынбақ. Айтулы оқиға 28, 29 және 30 қыркүйек күндері орын алады. Жаңа хореографиялық редакцияның авторы – балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова.

Толығырақ
 
20 қыркүйек 2017
«Астана Опера» театры IV маусымын жабуда

 «Астана Операның» өткен төртінші театр маусымы аса қанық болып, аяқталуы ауқымды іс-шаралармен аталып өтті. 

марапатталды. Балет труппасының жетекші солисі Әйгерім Бекетаеваға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Театр ұстаздары Сауия Айталиева мен Ғалия Бегалина ҚР Президенті Н. Назарбаевтың атынан Құрмет грамотасын алды.

Опера труппасының жетекші солисі Жаннат Бақтай «Парасат» орденімен марапатталды. Опера труппасының жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алса, опера труппасының солисі Евгений Чайников «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді.

Маусым соңында «ЭКСПО-2017» аясында іс-шаралар өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында «Астана Операда» әлемдік деңгейде маңызы бар оқиғалар орын алды. Халықаралық көрме өз жұмысын аяқтаса да, соңынан қаншама жылы лебіздер мен қуанышқа толы әсерлер қалдыруда. Астаналық театрдың ұжымы ашық аспан астында бірегей қойылымдар ұсынды, атап айтқанда: Дж. Вердидің «Аида» операсы, Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы, Л. Минкустың «Дон Кихот» балеті. Астана тұрғындары мен қонақтарын Г. Малердің №8 симфониясының (қоюшы-дирижері – атақты маэстро Алан Бөрібаев) тұсаукесері керемет әсерге бөледі. Сонымен қатар қазақстандықтар тұңғыш рет Пласидо Домингоның әлемдегі ең беделді «Опералия» Халықаралық жас вокалистер байқауының куәсі болды. Маэстро опера өнерін сүйетін қауымды қуантып, Дж. Вердидің «Травиата» спектаклінде Жорж Жермон партиясын орындады...

Дж. Вердидің «Фальстаф» және Л. ван Бетховеннің №9 симфониясын ала келген Ла Скала театрының гастрольдері төртінші театр маусымының жарқын шарықтау шегіне айналды. Барлық гастрольдік өнер көрсету кезінде дирижерлік пульт басында қазіргі заманның әйгілі маэстросы Зубин Мета болды.

Алда не күтуде?

Осы маусымда көрермен үшін көптеген қызықтар әзірленген еді, ал келесі – мерейтойлық бесінші маусымда – аса қанық бағдарлама күтуде! Ол – Ж. Бизенің «Кармен» операсының премьерасы, опера және балет труппасының гастрольдік сапарлары. Бұдан өзге, театр маусым аралығында Камералық залда бірқатар қызықты концерттер ұсынбақ. Өнердің ғажайып әлемімен кездесуден қапы қалмаңыздар, құрметті көрермен!

Толығырақ
 
18 қыркүйек 2017
Дулыға Ақмолда Қазан қаласында өткен Халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды

Режиссер Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда 5 және 11 қыркүйек аралығында Татарстанда өткен XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды.

Толығырақ
 
11 қыркүйек 2017
Ла Скала ұсынған таңғажайып премьера

Людвиг ван Бетховеннің атақты № 9 симфониясының керемет орындалуы астананың мәдени өміріндегі айтулы оқиғаға айналды. «Астана Операның» Үлкен залында аяқталған концерттен кейін көрермен қауым аты аңызға айналған маэстро Зубин Метаға, Ла Скала театрының теңдессіз оркестрі, хоры мен солистеріне шапалақтарын «жаудырып», ыстық ықыластарын білдірді. Итальяндық театрдың гастрольдері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтуде.

Толығырақ
 
11 қыркүйек 2017
ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ЕКІ ТОМДЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің бастамасымен қазақ әдебиеті тарихында өз есімін мәңгіге қалдырған кемеңгер Абайдың дарынды шәкірті, XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ халқының дарынды ақыны Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 

Толығырақ
 
08 қыркүйек 2017
Кармен Джаннаттазио: театрдан қонақ үйге – «тақуа» тәрізді өмір кешудемін

Бүгін, 8 қыркүйек күні, «Астана Опера» сахнасында Дж. Вердидің «Фальстаф» операсының соңғы спектаклі көрсетіледі. Басты партияларды орындаушылардың бірі Кармен Джаннаттазио аңызға айналған миландық Ла Скала театрының сахнасына қалай келгені және мансап үшін неден бас тартқаны жайлы сырымен бөлісті.

Толығырақ
 
08 қыркүйек 2017
Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалі өтеді

2017 жылдың 9-13 қыркүйек аралығында Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан театрлар ассоциациясы  халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында халқымыздың біртуар тұлғасы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті театр сыншысы Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалін өткізеді.

Толығырақ