Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Материалдар

Лабак кесенесі

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары

Мәдениет жаңалықтары

24 қазан 2016
«Абыздан жеткен асыл сый» акциясы жалғасын тапты

Түркістан. «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде  «Абыздан жеткен асыл сый» акциясы  жалғасын тапты.

Толығырақ
 
21 қазан 2016
Шығармашылық кездесу

ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Шет тілдер және іскерлік мансап университетінің профессоры Мұхтархан Оразбаймен шығармашылық кездесу өтті.

Толығырақ
 
20 қазан 2016
Абай қорық-мұражайының көрмесі Атырау қаласының балалар үйінде өтті

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының ғылыми қызметкерлері Атырау қаласының С.Қазыбаев атындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен ұжымына «Адамзаттың Абайы» атты көрме ұйымдастырды.

Толығырақ
 
19 қазан 2016
Ұлттық музейде Қойшығара Салғараұлының кітабының тұсаукесері өтті

Астана. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жазушы, филология ғылымының кандидаты, түркітану кафедрасының профессоры,  Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының  және Күлтегін сыйлығының иегері Қойшығара Салғараұлының «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Толығырақ
 
17 қазан 2016
Мәдени мұраны зерттеу саласындағы қазақ-корей ынтымақтастығы арта түсуде

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты заттық мәдени мұраны зерттеу саласында халықаралық озық деңгейдегі ғылыми-зерттеу институттарымен өзара әріптестікті дамыта түсуде.Корея Республикасының Мәдени мұраларды зерттеу ұлттық институтымен жасалған«Қазақ-корей бірлескен зерттеулері» атты ғылыми жобасы аясында биылғы жылғы далалық зерттеу жұмыстары Алматы облысы Райымбек ауданының Қарасаз ауылдық округінде орналасқан сақ-үйсін кезеңінің Қатартөбе обаларында жалғастырылды.

Толығырақ
 
14 қазан 2016
Сәкен Нарыновтың асықтары

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде белгілі мүсінші, архитектор Сәкен Нарыновтың 4 асықтан құралған композициясының таныстырылымы болды. Мәрмәрдан жасалған әрбір асықтың салмағы 700 келі тартады. Аталған шара шебердің 70 жас мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Толығырақ
 
13 қазан 2016
«Жас археолог» үйірмесінің берері мол

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жас археолог» үйірмесінің таныстырылымы өтті. Үйірме «Ұлт жоспары 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында жасалған «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасын жүзеге асыру мақсатында ашылып отыр.

Толығырақ
 
12 қазан 2016
«Ұлы суретші тағылымы» атты кітап көрмесі

ҚР  Ұлттық  кiтапханасында театр суретшісі Сергей Калмыковтың 125 жылдығына арналған «Ұлы суретші тағылымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ
 
11 қазан 2016
«Дәуірдің ұлы, ғасырдың үні » атты кітап көрмесі

ҚР Ұлттық кiтапханасында «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Қазақстанның халық жазушысы, ақын және аудармашы Хамит Ерғалиевтың 100 жылдығына арналған «Дәуірдің ұлы, ғасырдың үні » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.        

Толығырақ
 
11 қазан 2016
Ұлттық музейде италияндық археологиялық зерттеулер бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстандағы Италияның мәдениет жылы аясында Джанкарло Лигабуе қорының қолдауымен еліміздегі Италия елшілігі алғаш рет Қазақстандағы италияндық археологиялық зерттеулер семинарын өткізді.

Толығырақ