Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Материалдар

Үш-Арал мешіт-медресесі   (XIX ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары

Мәдениет жаңалықтары

27 қазан 2016
«Kazakh TV» телеарнасында «Мәңгілік Аспан астында» атты ғылыми танымдық фильмінің көрсетілімі басталады

Астана. «Kazakh TV»  телеарнасында  режиссер Бақыт Қайырбековтің «Мәңгілік Аспан астында» атты ғылыми танымдық деректі фильмінің  қазақ тіліндегі көрсетілімі басталады.

Толығырақ
 
26 қазан 2016
Отырар қорық-мұражай ЭКСПО-2016 көрмесіне қызу дайындық үстінде

2017 жылы Қазақстанның елордасы Астана қаласында ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы ең алғашқы Халықаралық ЭКСПО көрмесі өтетіндігі баршаға мәлім. Аталмыш ірі шараға Астанамен қатар, мемлекетіміздің барлық аймақтары мен туристік маңызы бар ұйымдар да қызу дайындалып жатыр.  Солардың бірі - Отырар мемлекеттік археологиялық қорық- музейі.

Толығырақ
 
25 қазан 2016
«Шежірелі отырар» жылжымалы көрмесі

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ҚР Ұлттық кітапханасы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайымен бірге «Шежірелі отырар» жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Көрме 2016 жылғы қазан айынан 2017 жылғы мамыр айының соңына дейін жұмыс жасайды. 

Толығырақ
 
24 қазан 2016
«Абыздан жеткен асыл сый» акциясы жалғасын тапты

Түркістан. «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде  «Абыздан жеткен асыл сый» акциясы  жалғасын тапты.

Толығырақ
 
21 қазан 2016
Шығармашылық кездесу

ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Шет тілдер және іскерлік мансап университетінің профессоры Мұхтархан Оразбаймен шығармашылық кездесу өтті.

Толығырақ
 
20 қазан 2016
Абай қорық-мұражайының көрмесі Атырау қаласының балалар үйінде өтті

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының ғылыми қызметкерлері Атырау қаласының С.Қазыбаев атындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен ұжымына «Адамзаттың Абайы» атты көрме ұйымдастырды.

Толығырақ
 
19 қазан 2016
Ұлттық музейде Қойшығара Салғараұлының кітабының тұсаукесері өтті

Астана. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жазушы, филология ғылымының кандидаты, түркітану кафедрасының профессоры,  Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының  және Күлтегін сыйлығының иегері Қойшығара Салғараұлының «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Толығырақ
 
17 қазан 2016
Мәдени мұраны зерттеу саласындағы қазақ-корей ынтымақтастығы арта түсуде

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты заттық мәдени мұраны зерттеу саласында халықаралық озық деңгейдегі ғылыми-зерттеу институттарымен өзара әріптестікті дамыта түсуде.Корея Республикасының Мәдени мұраларды зерттеу ұлттық институтымен жасалған«Қазақ-корей бірлескен зерттеулері» атты ғылыми жобасы аясында биылғы жылғы далалық зерттеу жұмыстары Алматы облысы Райымбек ауданының Қарасаз ауылдық округінде орналасқан сақ-үйсін кезеңінің Қатартөбе обаларында жалғастырылды.

Толығырақ
 
14 қазан 2016
Сәкен Нарыновтың асықтары

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде белгілі мүсінші, архитектор Сәкен Нарыновтың 4 асықтан құралған композициясының таныстырылымы болды. Мәрмәрдан жасалған әрбір асықтың салмағы 700 келі тартады. Аталған шара шебердің 70 жас мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Толығырақ
 
13 қазан 2016
«Жас археолог» үйірмесінің берері мол

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жас археолог» үйірмесінің таныстырылымы өтті. Үйірме «Ұлт жоспары 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында жасалған «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасын жүзеге асыру мақсатында ашылып отыр.

Толығырақ