Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

М. Хайдар Дулати ескерткіші

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Алматыда Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетінің тұсаукесері өтеді

Алматыда Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетінің тұсаукесері өтеді

Сәрсенбі, 11 қазан 2017 2017 жылдың 7-8 қазан аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры  Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетінің жаңа қойылымын ұсынады.

Театрда дирижер  Ф. Кузьмичтің, балетмейстер Ю. Ковалёвтің, суретші  А.Ненашевтің қойылымындағы «Бақшасарай бұрқағы» алғаш рет 1942 жылы 24 мамырда қойылып,  қазақтың классикалық балет өнерінің дүниеге келуәмен ерекшеленді. Басты партияларды орындағандар: Мария- Н.Викентьева, Вацлав – Ю. Ковалёв, Зарема – Н. Тапалова, Нұрали - А.Бекбасынов. 1942-1943 жылдары Мария партиясын Уланова Галина Сергеевна орындады. 1958-1981 жылдары балет қайта жаңартылып қойылды. 1958 жылы қойылымды балеттің авторы - Ростислав Захаров қойды. Әр жылдарда бұл балетте  Александр Селезнёв, Зауырбек Райбаев, Сара Күшербаева, Раушан Байсейітова,  Рамазан Бапов, Людмила Рудакова сынды әртістер өнер көрсетті.

Көп жылдар бойы «Бақшасарай бұрқағы» (1981 ж.) балетмейстер Ярослав Сех, суретші Гүлфайрус  Исмаилова және Анатолий Ненашевтің қойылымында орындалып, Майра Қадырова, Құралай Сарқытбаева, Әлия Сапугова, Мұрат Тукеев, Тұрсынбек Нұркалиев, Дмитрий Сушков, Әсет Мұрзақұлов тәрізді жаңа буын әртістері өзінің жарқын актерлік шеберлігін көрсете білді.

Бүгінде «Бақшасарай бұрқағы» балеті халық суретшісі Вячеслав Окуневтің сценографиясымен, көп жылдар бойы осы спектакльде Зарема партиясын сомдаған  бас балетмейстер Гүлжан Түткібаеваның қойылымда жаңа бояулармен жандана түспек.

«Бақшасарай бұрқағы» балеті драматург және өнертанушы Николай Дмитриевич Волковтың бастамасымен жарыққа шыққан болатын. Сюжетті таңдау кезінде маңызды оқиға  болатынына күмән болмады. А.С.Пушкиннің поэмасын балеттік либреттоға  қайта өндеу үшін біраз өзгерістер жасау керек болды. Нәтижесінде лирикалық поэма поляк сарайындағы және Зареманы жазалау көрінісі бар драмалық либретоға айналып; жаңа кейіпкерлер де пайда болды – Марияның жігіті Вацлав (Пушкинде «ол әлі сүюді білмейтін»), әскербасы Нұрали; поэмадағы аты жазылмаған Марияның әкесі князь Адам болып өзгерді.

Балет либреттосы «музыкаға айналған» кезде өз мәресіне жетті. Пушкиннің поэмасы арқылы сол заманды естуге тырысып, ақынды толғандырған сезімдерді  өз сөзімен еркін жеткізуді негіз қылған композитор Борис Асафьевпен драматургтың түпкі ойы тамаша жетіліп, шиеленісті.

Балетмейстер Ростислав Захаров өзінің бірінші қойылымы туралы былай деп жазды: «Би арқылы ойларды, сезімдерді, әрекеттерді жеткізіп, идеясы жақын өнерге ұмтылғымыз келеді, ..... хореографиялық спектакльді әрбір би қажеттіліктен туындағандай, оқиғаның өзіндік бір мағынасы мен одан әрі дамуы бар  біртұтас драмалық оқиғадай жасау».

«Бақшасарай бұрқағы» спектаклінің музыкасы, хореографиясы, сценографиясы бірігіп, ерекше туынды болды және спектакльге үздік туынды сапасын беріп, хореографиядағы «хореодрама» деген жаңа бағытқа бастама алды.  Балеттің премьерасы 1934 жылы 28 қыркүйекте Ленинградтың Киров (Мариин) атындағы опера және балет театрында үлкен сәттілікпен өтті. Осы күнге дейін балет әлемнің жетекші театрларының репертуарларында орын алып келеді. Галина Уланова мен Константин Сергеевтің орындаушылық ансамблі арқасында «Бақшасарай бұрқағы» премьерасы жетістікке ие болды