Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Қарағұл кесенесі   (XIX ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - «Тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын орындау үшін нормативті бағалауды әзірлеу»

«Тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын орындау үшін нормативті бағалауды әзірлеу»

Сейсенбі, 19 желтоқсан 2017

2017 жылдың 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауы аясында Алматы қаласында «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының ұйымдастыруымен «Тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын орындау үшін нормативті бағалауды әзірлеу» мәселелері тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Аталған шара көрсетілген нормативтерді әзірлеу барысындағы өзекті  мәселелерді талқылауға, пікірлермен алмасуға бағытталды. Қазақстанның бүгінгі күнге Кедендік Одақ аясында Ресей, Беларусь елдерімен және Орталық Азия елдерімен тарихи қалыптасқан ынтымақтастығын ескере отырып,  посткеңестік кеңістіктің өкілдерін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына тарту мақсаты көзделіп, орындалды.

Халықаралық деңгейдегі конференцияға Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан секілді елдерден білікті мамандар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері және ел аумағында орналасқан Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Қ. И. Сәтбаев  атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақ құрылыс және сәулет Ғылыми-зерттеу және жобалау институты, «KAZGOR» жобалау академиясы, «Күмбез» мекемесі, «Остров Крым» мекемелерінің басшылары мен өкілдері және осы сала мамандары қатысты.

Конференцияның бірінші бөлімінде еліміздің мамандары Е.Токмагамбетов, Д.Воякин, Л.Чарлина, Л.Бейсенбаева, О.  Петрова, А. Алтынбеков баяндама жасап, өз тараптарынан нормативтерді әзірлеу жұмысындағы көкейтесті пікірлері мен ұстамдарын талқылауға салды. 

Ағымдағы жылы өз елдерінде нормативті бағалау құжаттарын түзген Беларусь Республикасы мамандары және Өзбекстан Республикасы атынан А.Шамагрупов, А.Рахманов, Қырғызстан Республикасы атынан Д.Иманкулов, Н.Нурбекова, Тәжікстан Республикасы атынан Р.Мукимов сынды мамандар пікірлерімен конференцияның екінші бөлімінде бөлісті. Осы мәселе бойынша өткізіліп отырған алғашқы конференцияда  бірқатар сұрақтар өз шешімін тауып, нақты ұсыныс-пікірлерді Нормативті бағаларды әзірлеуде басшылыққа алу көзделуде.