Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Жұбан-Ана кесенесі   (XIX ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - «Лики памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» атты VΙΙ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар

«Лики памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» атты VΙΙ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар

Сейсенбі, 10 қазан 2017 2017 жылғы 26 - 29 қыркүйек аралығында ҚР Ұлттық кітапханасы директоры Ж.Т.Сейдуманов және Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі Б.Ш.Сарсенбаева Ереван қаласында орналасқан (Армения) Матенадаранда өткен «Лики памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» атты VΙΙ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

2011 жылы Месроп Маштоц атындағы «Матенадаран» Ежелгі қолжазбалардың ғылыми-зерттеу институтына «Жазбаша мұраны сақтау және қалпына келтіру» саласындағы негізгі ұйым мәртебесі берілді. Матенадаран бірегей коллекция иегері (қорында 20 000 қолжазбалары бар), сонымен қатар құжаттарды қалпына келтіру және сақтаудың бірегей тәжірибесі мен әдістеріне ие.
4 күн ішінде семинарға ТМД елдерінен, Балтық, Грузия, Германия, Ұлыбритания және Армениядан мамандар қатысты. Қатысушылардың баяндамаларында мәдени құндылықтарды қалпына келтіру және кітаптарды қалпына келтірудегі тәжірибелік әзірлемелердегі соңғы инновациялық технологиялар туралы ақпарат берілді. Б.Ш.Сарсенбаева «Национальная библиотека Республики Казахстан как образовательная платформа для повышения квалификации специалистов» тақырыбына баяндама оқыды. Сонымен қатар, шетелдік жетекші қалпына келтірушілер қатысуымен мастер-класстар өткізілді, біздің баспалармен мерзімді толықтырылып отырған Қазақстан кітаптары бұрышы бар Армения Ұлттық кітапханасына экскурсия жасалды. ҚР ҰК директоры Ж.Т. Сейдуманов  Армения кітапханасына қазақстандық жазушылардың кітаптарын сыйға тартты. Іскерлік келіссөздер барысында екі жақ Қазақстан мен Армения Ұлттық кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға және кеңейтуге келісті.
Әйгілі қазақстандық ақын Б.Қанапияновтың өлеңдері енгізілген, Армян тіліндегі «Поэты мира» атты 500 беттік поэзиялық жинақ авторы – аудармашы және құрастырушы Гагик Давтян ҚР Ұлттық кітапханасына ерекше басылымның бір данасын сыйға тартты.