Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Шопан – Ата көне мешіті

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Әлихан Бөкейханның 150-жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

Әлихан Бөкейханның 150-жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті

Дүйсенбі, 26 желтоқсан 2016Әлихан Бөкейханның 150-жылдық мерейтойы аясында қандай шаралар болғандығын қорытындылайтын алаштанушылар мен тарихшылар, қызығушы қауым қатысатын дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстел аясында Қазақ Географиялық Қоғамының қолдауымен шығарылған «Әлихан әлемі» кітабының тұсаукесері жасалды. Кітаптың авторы – алаштанушы ғалым Қайырбек Кемеңгер. Басылымдағы материалдардың біраз бөлігі ҚазГео ұйымдастырған ғалым, ағартушы, саясаткер Әлихан Бөкейханның 150-жылдық мерейтойына арналған, жолы Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерін қамтыған халықаралық экспедиция барысында жинақталған. 
Кітапта Әлихан Бөкейханның еңбектері тарихи-деректемелік тұрғыдан сараланған. Сондай-ақ, кітапта автордың мақалалары мен ҚазГео ұйымдастырған ғылыми-танымдық экспедициясы бойынша жолжазба енгізілген. Кітап оқырмандары Алаш көсемінің ел еркіндігі үшін істеген ерен еңбектерімен, өмір жолымен, сондай-ақ ҚазГео-ның ғылыми шараларымен таныса алады.

Тұсаукесерді ҚазГео-ның жобалар жетекшісі Қайсар Тұрсынғожаев жүргізді.

Сөз сөйлегендер: ф. ғ. д, профессор, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Айгүл Ісмақова, кітаптың авторы, ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Қайырбек Кемеңгер, Алмат Басенов ҚР Ұлттық Банкінің бас дизайнері, профессор Ж.Кәкішев, тарихшы Ә.Құдайберген, ғалым М.Сәрсенбаев және т.б.

Мәліметтер бойынша:http://www.nlrk.kz/