Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Оқшы-Ата кесенесі   (XVIII ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов 87 жаста!

Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов 87 жаста!

Сейсенбі, 10 қазан 2017 ҚР Ұлттық музейінің ұжымы 04 қазанда танымал ғалым, алғашқы отандық антрополог, антропология мектебінің негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, Болон ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Оразақ Смағұловты 87 жасқа толуымен құттықтады. Ғалымның зерттеулерінің арқасында Қазақстанның антропологиялық мәліметтері алғаш рет қазақ халқының этникалық тарихы мен этногенезі бойынша тарихи дерек ретінде пайдаланылды. Қазақстандық артропологтардың мектебін қалаушы ретіндегі оның ғылыми қызметі Қазақстанның ежелгі, орта және қазіргі кездегі тұрғындарының арасындағы 40 ғасыр бойғы генетикалық сабақтастықты айқындауға зор үлес қосты.

1

Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Леонид Кочетов туған күн иесіне Құттықтау қағазын тапсырып, оған денсаулық, ұзақ ғұмыр және қазақстанның антропология мектебінің дамуы жолындағы ғылыми еңбегін жемісті жалғастырады деген үмітін білдірді. Осы жерде ғалымға Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаты тапсырылды. Осы сәтті пайдаланған Оразақ Смағұлов өзінің қызықты зерттеулерінің жекелеген қызықты нәтижелерін таныстырып үлгерді. Автор қазақтардың екі үлкен – еуропеоидтік және монғолоид нәсілдерінің араласуынан пайда болғанаралық нәсілге жататынын анықтаған. Ғалым қазақтардың этногенезінде бәрінен бұрын қола дәуіріндегі ежелгі еуропеоидтік үнді-иран тайпаларының маңызды рөл атқарғанын көрсетті. Ж.с.д. 5 ғасырдан бастап Қазақстанның территориясына азиялық нәсілдердің өзегі кіре бастаған. 14-15 ғасырларда Қазақстанның бүкіл территориясында қазіргі қазақтарға тән еуропеоид нәсілінің айқын белгілері бар тұран нәсілінің қазақстандық нұсқасы қалыптасты. Жоғарыда айтылған және өзге де антропологиялық көрсеткіштер бойынша, бүгінгі қазақтардың физиологиялық түрі Еуразия халықтарының антропологиялық түрлерінің арасында жеке мәртебеге ие. «Менің көпжылдық зертеулерімнің нәтижесінде, қазақтардардың барлығының генефоны біреу ғана екені анықталды. Бұл дегеніміз халықтың биологиялық тарихы ортақ біреу ғана», – деп ғалым ойын қортындылады.

 

3