Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Тамғалы петроглифі

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - ЯССАУИ КЕСЕНЕСІН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ КӨРУГЕ БОЛАДЫ

ЯССАУИ КЕСЕНЕСІН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ КӨРУГЕ БОЛАДЫ

Сейсенбі, 14 қараша 2017 Киелі мекендегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көруді және зиярат жасап баруды жұртшылықтың көпшілігі армандайды. Туристер көбінесе тарихи мекенге саяхат жасап, құнды дүниелермен танысқысы келеді. Бірақ қарбалас жұмыстан қол тие бермейтіні ақиқат.

Бірақ келісті тарихи мәні бар кесенені көруге мүмкіндік бар. Сонымен бірге,  құнды жәдігерлерді тамашалауға жол ашылды. Енді кез келген адам 3D турды қорық-музейдің сайтында http://azretsultan.kz/ немесе http://dp.azretsultan.kz/ сілтемесі арқылы көре аласыздар.

Музейдің баспасөз хатшысы Д.Қожамұратовтың айтуынша, бұл жобаның негізгі мақсаты әлемге мәшhүр болған Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қызығушылық танытып жүрген алыс әрі жақындағы туристерге музейдің құнды жәдігерлерін онлайн арқылы тамашалауға мүмкіндік беру. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі интернет қолданушылар енді «Әзірет Сұлтан»  мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құнды жәдігерлерін виртуалды 3D нұсқа арқылы онлайн режимде таныса алады.