Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Кырык оба и кочевники – великаны

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Талғат Миррахимовтың «Азия сарындары» көрмесі

Талғат Миррахимовтың «Азия сарындары» көрмесі

Сейсенбі, 10 қазан 20172017 ж. 6 қазанда сағат 16.00-де Қырғыз Республикасынің еңбек сіңірген өнер қайраткері көрмесінің ашылуы болады. Орта Азия шығармашыл зиялы қауымы арасында белгілі, талантты суретші Миррахимов – Қырғызстан бейнелеу өнерінің дамуына зор үлес қосып келе жатқан Қырғыз Республикасының ең қызықты да беделді суретшілерінің бірі.

Көрмеге суретшінің 56 кескіндемелік жұмысы қойылды. Оның шығармашылығында қазіргі Орта Азия өмірінің тұрмысы мен мәдениетінің колориті мен ерекшеліктері айқын көрініс тапқан. Тарих пен қазіргі кез, күнделікті ахуал мен оның философиялық түйінделуі, натюрморт та ғажайып өріле кеткен адамдардың еңбек үстіндегі немесе демалып отырған сәтін бейнелейтін тұрмыстық көріністер де, ежелгі шығыс қалаларының пейзаждары да осы арадан табылады.

Т. Миррахимов ұзақ шығармашылық жолында табиғаттың сұлулығын әбден түсінді. Автордың кенептері мен этюдтерінің сапасын соншалықты жанрлары мен мотивтері емес, олардың кескіндемелік бітімі – түсі – қоюлығы әрі фактуралылығы, суық пен ымырттан жарық пен аптап беруге дейін пластикалық вариациялылығы анықтайды.

Суретшінің кескіндемелерінде Талғаттың отаны – ежелгі ұйғыр жері, Ыстық көл жағалауы мен Нарын тауы, жай әрі күрделі, табиғи әрі қолдан жасалған. Отан тақырыбы, табиғат тақырыбы жылдар – бойы тереңдей беретін, барлығы да еркінірек сөзге, толғаныстарға, этюдтер мен картиналарға айналатын жалғыз шығармашылық әлеует.

Талғат Миррахимовтің көптеген тұрмыстық композицияларында фрагменттік натюрморт әлемі кездеседі. Бұлар қыздың қолындағы қауын, дәруіштің беліне қыстырған асқабақтан жасалған құмырасы немесе сатушының аяғының астында жатқан мақта салынған өріліп тоқылған себет... Сезіммен білінетін заттылыққа жақындауға, нысандардың өзара тартылысының ерекше өрісін жасауға деген ықылас тұтас бір жемістерден құралған натюрморттар топтамасын жасауға жетеледі. Әрбір натюрморттағы заттар жиынтығы – таба нан, қауын, алмұрт, жүзім – бәрі өзгеріссіз қалған. Ашық түсті, жұмыр формалар кейде құмыралардың ұзына бойымен («Құмаған бейнеленген натюрморт») немесе матаның қатқыл қырларымен («Қауын бейнеленген натюрморт») толықтырылған. Бірақ заттардың қайталануы көңілсіз комбинаторика болған жоқ. Себебі суретші әр кез сайын өтпелі сұлулықты емес, жүзімнің балғындығын немесе қауынның сулы шырындылығын аңғарып отырған. Заттардың пішіндік мәні, олардың бастапқы табиғи жаратылысы маңызды болып шығып отырады. Сондықтан конус-алмұрттар табақтың шеңберленген жазықтығын, жүзім сабағы қауынның кесілген сферасын ұстап тұр. Біздің ойымызша, егер суретші пейзаждарында кескіндемелік мақсаттарды көбінесе жарқыратып шығаратын болса, натюрморт ол үшін форманы аңғаруға қозғау салады.

Талғат Миррахимов ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында Құлжа қаласында дүниеге келді. Бірақ бала кезінде әке-шешесімен бірге Қырғызстанға көшіп келіп, С.А. Чуйков атындағы Фрунзе көркемсурет училищесін тәмамдады. 1971 жылдан Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстанда, сондай-ақ, алыс шет елдер – Бельгия, Болгария, Германия, Иран, Люксембург, Түркия, Францияда өткен көптеген көрмелерге қатысты. ХШЖК қола медалімен, Ташкенттегі «Азия-Арт» Халықаралық көрмесінде алтын медальмен марапатталды. Г. Айтиев атындағы сыйлықтың, өнер саласында Орта Азия ұйғырларының мәдениетіне қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін тәуелсіз «Ильхам» сыйлығының лауреаты. Құрметті атақтарға ие болды. Қырғызстан үкіметі Мирразимовтың көркемдік қызметін жоғары бағалап, көптеген ордендермен, медальдармен марапаттады, «Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағын берді.

Анна Воронина,
өнертанушы, халықаралық өнертанушылар
мен сыншылар қауымдастығының мүшесі
Бішкек