Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Қара сопа   (XVIII ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Мәдениет және спорт министрлігіндегі Қоғамдық кеңесте Кинематографияны дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Мәдениет және спорт министрлігіндегі Қоғамдық кеңесте Кинематографияны дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Жұма, 23 желтоқсан 2016 Астана. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелердің қатарында Қазақстан Республикасында 2050 жылға дейін кинематографияны дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылау болды.

Қазақстандық кинематографтың одан әрі қарайғы дамуын анықтайтын құжаттың жобасын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты даярлады.

ҚазҒЗМИ бас директоры Андрей Хазбулатов Тұжырымдама жобасы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты; Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену тұжырымдамасы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдени саясатының тұжырымдамасының негізгі қағидаларына негізделгендігін хабарлады.

«Құжат кинематография саласының ағымдағы жағдайы мен оның негізгі проблемаларын, елімізде киноиндустрияны дамытудың ұзақмерзімді Тұжырымдамасын қабылдау негіздемесі, жалпы тәсілдер мен негізгі қағидалар, отандық кинематографияның мақсаттары мен міндеттерін қамтиды», - деп түсіндірді ҚазҒЗМИ басшысы.

Сонымен қатар А. Хазбулатовтың ақпараты бойынша, өткен жылдың қорытындыларына қарағанда еліміде 93 кинотеатр, 247 кинозал қызмет істеп, кинотеатрлардағы фильмдердің кассалық түсімі 10,4 млрд теңгені құрады. Осы көрсеткіштің 7,4% қазақстандық киноға тиесілі.

Осыған байланысты Андрей Хазбулатов заманауи отандық киноның негізгі үш проблемасын атап көрсетті. Олардың қатарында киноөндіріс, кинопрокат пен киноның қазақстандық қоғамдағы мақсаты бар.

Аталмыш мәселелерді шешу үшін Қазақстандық кинематографты дамыту тұжырымдамасына бес негізгі бастама енгізілді: қазақстандық кино қорын құру және киножобаларды іріктеу жөніндегі сарапшылар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, «Қазақфильм» киностудиясын толық циклді кинофабрикаға айналдыру және оның аумағында Арнайы экономикалық аймақ құру, «Қазақфильм» АҚ құрамынан Фильмдердің мемлекеттік қорын шығару, кинотеатрларда фильмдерді прокаттау нәтижелерін есептеудің автоматтандырылған бірыңғай жүйесін құру, сонымен қатар киноөндірістің заманауи кластерлерін дамыту.

«Тұжырымдаманы жүзеге асыру қорытындылары бойынша киноны бюджеттен тыс қаржыландырудың мөлшері 2020 жылы 30%, 2030 жылы 50% және 2050 жылы 70% құрап, осы аталған уақыт межелерінде фильмдерді шығарудың өсімі 3, 5 және 10 есе артады деп күтілуде», - деді өз баяндамасында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры.

Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан Республикасында кинематографияны дамыту тұжырымдамасының жобасына қолдау білдіріп, құжатты даярлаудың уақытылылығы мен саланың одан әрі жемісті дамуы мен қызмет етуі үшін кино туралы заңды қабылдау қажеттігі туралы айтты.

Еске салып кетсек, 2016 жылдың басында Қазақстанда қоғам мен биліктің өзара әрекеттесуінің жаңа формасы Қоғамдық кеңестер пайда болды. Бұл сабағаттық-кеңесші, министрліктің қызметін бақылаушы органның негізгі мақсаты әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамына жазушы, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Артур Платнов, Бекболат Тілеухан, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков, Мәдениет, спорт және ақпарат саласы кәсіподағының төрағасы Светлана Иманқұлова, ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов және т.б. енді.

Мәліметтер бойынша:http://mks.gov.kz/