Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Ысқақ ата мен Жабрайыл ата кесенесі

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Мәдениет мәселелері бойынша қоғамдық кеңес Қ. А. Яссауи кесенесі объектілерін реставрациялау және музеефикациялау жобасын қолдады

Мәдениет мәселелері бойынша қоғамдық кеңес Қ. А. Яссауи кесенесі объектілерін реставрациялау және музеефикациялау жобасын қолдады

Бейсенбі, 22 желтоқсан 2016Астана. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңес мүшелері «Қазқайтажаңарту» РМК-ның Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қорғау аймағының шығыс бөлігінде орналасқан объектілерді реставрациялау, консервациялау және музеефикациялау бойынша және іргелес аймақтарын дамыту жоспарына қатысты жобаларын қолдады.

  «Қазқайтажаңарту» РМК директоры Арнұр Қарымсақов жобаларды таныстыру барысында жобалар тарихи орталықты сақтау жұмыстарының күрделілігін түсіну, заманауи даму жағдайларын ескере отырып, кешен аймағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштеріне зақым мен зияын келтірмеуді ескере отырып, бір уақытта жасалғандығын айтып кетті.

Оның мәліметіне қарағанда, жобалық ұсыныстар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы және Түркістан қаласы әкімдіктері мамандары, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының әкімшілігі және Түркия Республикасы Премьер-Министрі Аппараты жанындағы ынтымақтастық және даму бойынша түрік басқармасы (ТИКА) сарапшыларына қарастыру үшін бірнеше рет ұсынылған болатын. ЮНЕСКО халықаралық ұйымның мамандары жобаларды талқылаудың белсенді қатысушылары болды.

Кесененің буферлік ауданына іргелес аймақтарын дамыту жоспарының негізгі мақсаты Түркістан қаласын кең мәдени қызмет көрсету индустриясына негізделген мәдени ресурстар қолданылатын туризм индустриясының экономикасы жағдайында дамытуға жағдай жасау болып табылады. Бұл бастама туризм саласын қала құрушы факторға айналдыруға мүмкіндік береді.

«Қазқайтажаңарту» РМК жобалық филиалының директоры Сәдуақас Ағытаев отырысқа қатысушыларды ұсынылған жобалардың құрылымымен таныстырды. «Жұмыс карта түрінде жасалған және мәтіндік бөлімінде айқындалатын жобаланатын аймақтың қалақұрау аймақтаудан тұрады», - деді С. Ағытаев. «ИКОМОС Ескерткіштер мен көрікті жерлерді сақтау халықаралық кеңесі мамандарының бағасы бойынша, аймақтарда құрылыс жобасы тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мен қорғаудың барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келеді».

Сонымен қатар бұл мәселені қарастыру кезінде жобаланып жатқан ауданның жалпы аумағы 99,6 га құрап, функционалды құрамы бойынша түрлі үш учаскеге бөлінгенді айтылып кетті. Учаскенің әрқайсысы үшін мәдени мұраның орталық аймағын үйлестіру мақсатында көлем-кеңестік және сәулет-көркемдік шешімнің үлгілері ұсынылды.

Құрастырушылар жобаларды жүзеге асыру Түркістан қаласының Қазақстанның рухани, тарихи-мәдени және туристік орталығы ретінде одан әрі дамуын қамтамасыз ететіндігіне сенеді. Қаланың тарихи орталығына іргелес аймақтағы қалақұраушы конструкция көне магистралды кереуен жолдары мен тарихи қалыптасқан көше жүйелерін айқындай отырып, Көне қала айналасының тарихи шынайы жоспарын сақтайды.

Мәліметтер бойынша:http://mks.gov.kz/