Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Молда-Қалан кесенесі

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Сәрсенбі, 06 қыркүйек 2017 2017 жылғы 5 қыркүйек,сағат 15:00-де Н.Дәулетова атындағы залда Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Қуаныш Жұмабековтің «Let’s Learn to Speak English» атты ерекше оқулығы мен Ержан Жұмабектің «Sonsuzluk Şûlesi» атты өлең жинағының тұсаукесер рәсімдері өтеді.

«Let’s Learn to Speak English» – ағылшын грамматикасын басқа тілдерге сүйенбей, тікелей қазақ тілінде түсіндіретін бірден-бір оқу құралы. 3 бөлімді кітаптың бір бөлімі  ағылшын тілінде ұсынылған қазақ ертегілерінен тұрады. Авторы аудармашы, ғалым, PhD доктор (8 тілді еркін меңгерген) Қуаныш Жұмабеков.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, PhD доктор, ақын Ержан Жұмабектің  «Sonsuzluk Şûlesi» атты өлең жинағына (Шексіздік шұғыласы) қазақ тілі мен түрік тіліндегі өлеңдер кірді.

Кітаптар Түркия Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен Ыстамбұл қаласында жарық көрді.

Қатысушылар: зиялы қауым, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.