Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Лабак кесенесі

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - «РУХАНИ ОРДА ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

«РУХАНИ ОРДА ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

Сейсенбі, 01 тамыз 2017ЕХРО-2017 мамандандырылған халықаралық көрме аясында 2017 жылдың 30 маусым күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейінде еліміздегі іргелі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Рухани орда Түркістан» көрмесінің ашылуы болып өтті.

Түркістан шаһарынан Елорда төріне 252 дана жәдігер көрме экспозициясына қойылды. Үш бөлімге топтастырылған көрме экспозициясына Шауғар-Шойтөбе, Ясы-Күлтөбе, Ескі Түркістан, Хан Ордасы, Сауран қаласы, Қаратөбе-Сауран, Шпан және Шерібай қорымына жүргізілген археологиялық қазбадан табылған керамикалық, нумизматикалық жәдігерлермен Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұралары «Диуани хикмет» кітабының қолжазбасы мен Қазан, Ташкент, Ыстамбұл баспаларынан шыққан нұсқалары, «Рисалла дар адаби тариқат», «Мират уль кулуб», «Пақырнама» еңбектері мен шәкірттері С.Бақырғанидің «Диуан», Ә.Науаидің «Ғазалдар», Софы Аллаярдың «Діни өлеңдері», Имам Мағрудидің «Қисса» атты баға жетпес мұралары мен Ясауидің шежіресі жазылған «Насабнаманың» түпнұсқасы, Әмір Темір дәуірінен сақталған түпнұсқа шырағдандар, Тайқазан, Лауһа, Қақпа есігімен қатар ХVІІІ ғасырда өмір сүрген қазақтың хас батыры ер Қабанбайдың түпнұсқа қанжары, Түркістан билік құрған Есім, Тәуке, Жәңгір, Әбілмәмбет, Әбілфейіз, Абылай, Бөкей сынды атақты хандардың күміс жүзікке түскен мөрлері, орыс, қытай патшаларына ынтымақтастық жөнінде жазған хаттары, тұтынған заттары мен этнографиялық жәдігерлер көрермендер назарына ұсынылды.

Көрменің ашылуында ғалым-этнограф Қ.Сүлейменов көрме жұмысына сәттілік тілесе, Әскери тарихи музейінің директоры П.Өтепова көрменің Елордада өтуінің өзіндік маңыздылығына тоқталып, рухани керуен көшін бастап барған қорық-музей қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сөз алған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері Б.Байболов көрменің мақсаты мен міндетіне тоқталып, Әскери тарихы музейіне риясыз алғысын білдіріп, қорық-музей директорының Алғыс хаты мен қорық-музейдің баспа өнімдерін табыс етті. 
«Рухани орда Түркістан» көрмесі ү.ж. 10-шы қыркүйегіне дейін келушілерге қызмет көрсетеді.