Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Тоқтауыл тұрағы   (III - IV BC)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Арыстанбаб кітапханасы - қайта оралған қазына

Арыстанбаб кітапханасы - қайта оралған қазына

Дүйсенбі, 26 маусым 2017Қазан төңкерісінен кейінгі жағдай баршамызға мәлім. Кеңестік-атеистік саясаттың кесірінен қаншама дін иелері, қожалары, молдалары және шырақшылары қудаланып, қуғын - сүргінге ұшырады. Көптеген тарихи, діни кітаптар жойылып, жер астына көмілсе, қаншама әулиелі жерлер, мешіттер жермен–жексен етілді. Бұл науқан Арыстанбаб кесенесі мен оның кітапханасын да айналып өтпеді. 

Арыстанбаб кесене-мешітіндегі кітапхана 1930 - жылдары "қызылдардың қырғыны" кезінде аяусыз талқандалып, 60-жылдары "Қызыл бұрыш" болып қайта ашылып, маркстік–лениндік әдебиеттермен толықтырылған. Кітапхана қорында араб, парсы, түркі тілдеріндегі жүздеген қолжазбалар, кітаптар болған. Кітаптардың көпшілігі "Арыстанбабқа" деп атап жазылып, "Мулла Фахриддин Сыддық" деген жазулы мөрмен куәландырылған. Көне қолжазба, кітаптардың бір парасын қаншама жанкештілікпен Бұхара медресесінің түлегі Әбусейіт Оңғарбайұлы пен Арыстанбаб кесене - мешітін 1907-1909 жылдары қайта қалаған ұста Қалмырза Мүсәпірұлы сақтап қалған. Әбусейіт Оңғарбайұлы сақтаған қолжазба, кітаптарды немере-інісі Қазыхан Серікбаев өлкетанушы,этнолог,әдебиеттанушы Абдулла Жұмашев арқылы Руханият Әбу Нәсір әл-фараби мұражайына тапсырса, Қалмырза Мүсәпірұлы сақтаған қолжазба қолжазба, кітаптар оның өз өсиеті бойынша қабіріне өзімен бірге көмілген.

Бүгін Арыстанбаб кесене-мешітіндеОтырар қорық - музейі мен Руханият Әбу Нәсір әл-фараби мұражайы бірлесіп Әбусейіт Оңғарбайұлы сақтаған қолжазбалары мен кітаптары қойылған "Арыстанбаб кітапханасы - қайта оралған қазына" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты ата-бабларымыздың ислам дінін меңгеру жолында оқыған, қастерлеп, сақтаған асыл қазыналарын өзінің тарихи мекенінде көпшілікке ұсыну, насихаттау болып табылады. Көрмені аудан әкімінің орынбасары Жаппарқұлов Пердехан Абайұлы ашып беріп, жиынға қатысушы қадірлі қонақтар халық ақыны Қалыбекова Әселхан Әлшеріқызы, дінтанушы,ғалым Жандарбек Зікірия Заманханұлы және Арыстанбаб кітапханасының бір бөлігін сақтап қалған Әбусейіт Оңғарбайұлының мен Қалмырза Мүсәпірұлының ұрпақтары өз сөздерінде бүгінгі шараның себепкері болған құнды дүниелер жайлы көптеген естеліктерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Жиынды Отырар қорық - музейінің кеңесшісі Нұртаза Алдабергенов қорытындылап, көрменің лентасы қиылды.