Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

М. Хайдар Дулати ескерткіші

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТIKA) Қазақстандағы өкілі Енвер Рутбил мырза ресми сапармен келді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТIKA) Қазақстандағы өкілі Енвер Рутбил мырза ресми сапармен келді.

Сейсенбі, 10 қазан 20172017 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТIKA) Қазақстандағы өкілі Енвер Рутбил мырза ресми сапармен келді.

Сапардың мақсаты - Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметімен, кітапханадағы шет елдердің, соның ішінде Түркия елінің мәдени бұрыштарымен танысу. Кездесуде ҚР Ұлттық кітапханасының директорының орынбасарлары Б.Қ. Оспанова, С.А.Елемесова, аталған мекеменің Алматы қаласындағы үйлестірушісі Есентай Гулсараұлы мырза, Түркия Кітап бұрышының кітапханашысы Л.Мусаева, Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі С.Т.Тұяқовалар өзара ынтымақтастықты дамыту, бірлескен іс-шараларды, қазақ және түрік жазушыларымен кездесулерді  жоспарлау және өткізу, қорды Түркияның заманауи жаңа әдебиеттерімен толықтыру және ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, Түрік мәдениет және әдебиеті орталығының ары қарай дамыту мәселелерін талқыланды.