Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Мерке әулиесі

Ұлы Дала әуендері

Бейсенбі, 30 қараша 2017 29 қараша күні Камералық зал сахнасында танымал ұжым – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің «Қазақквартет шақырады» топтамасынан «Дала дауысы» концерті өтеді.

- Бұл біздің жаңа музыкалық топтамамыздағы үшінші концертіміз. Еске салар болсам, әрдайым кешімізге достарымызды шақырудамыз. Осы кеште де дәстүрді сақтай отырып, керемет солистермен бірге өнер көрсететін боламыз, олардың барлығы концерт беріп жүрген музыканттар, оркестрлерде, ансамбльдерде ойнайды. Бағдарламаның ерекшелігі – ішекті аспаптар квартеті мен жетігенге арналған екі күйдің орындалуында, өңдеуін Арман Жайым жасаған, ол қазақ музыкасын нәзік сезіне алып, тыңдаушыларға таңғажайып әуезді әуен ұсынбақ. Бұл дәстүрлі қазақ аспаптары мен классикалық ішекті аспаптар квартетінен құралған бірегей концерт болады деп ойлаймын. Осыған ұқсас бағдарламаларды Швейцарияда ұсынған едік, ол жерде классикалық аспаптарда орындалған қазақ ұлттық музыкасын дискке жазған болатынбыз, ал көрермен өнерімізді шаттықпен қабыл алды, - деп бөлісті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұжымның көркемдік жетекшісі Ернар Мыңтаев.

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті Қазақстан өнерін туған жерімізде де, сонымен қатар шетелде де асқақтатып, мәртебесін арттырып жүр. Ұжым - «Астана Опера» театрындағы концерттердің тұрақты қатысушысы, осы маусымда да әртістер астаналық қонақтар мен өздерінің тыңдармандарын жаңа өнер көрсетулерімен қуанту дәстүрін жалғастырады.

Кеш бағдарламасына Й.Гайднның №2 квартет, ор. 76, Ф.Мендельсонның №1 квартет, ор. 44, Қорқыттың «Қоңыр», А.Жайымовтың «Аққулы айдын» (жетіген), «Ана әлдиі» (саз сырнай), Сүйінбайдың «Жақсы адам мен жаман адамның қасиеттерi» шығармалары енген.

Ішекті аспаптар квартетінің құрамында Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), Ернар Мыңтаев (виолончель) бар. Оларға керемет солистер – «Құрмет» орденінің кавалері Жанар Жүсіпова (қылқобыз), Иса Елікбай (домбырамен ән айту), Сандуғаш Тұрғанбекқызы (сазсырнай) және Мәдина Османова (жетіген) қосылады.

Концерттің басталуы сағат 19.00-де