Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Жұбан-Ана кесенесі   (X - XI ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - ТМД елдерінен қатысушы шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің XII Форумы

ТМД елдерінен қатысушы шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің XII Форумы

Жұма, 22 желтоқсан 2017

Мәскеуде ТМД елдерінен қатысушы шығармашылық және ғылыми зиялы қауымөкілдерінің XII Форумы және «Ынтымақтастық жұлдыздары» премиясының лауреаттарын марапаттау рәсімі болып өтті. Форумға қатысу үшін Ресей астанасына Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина және Ресей өкілдері келді. Форумның басты тақырыбы «ТМД-да отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрді қолдау және нығайтудағы гуманитарлық ынтымақтастықтың рөлі» деп аталды. Бейіндік секцияларда білім беру саласы мен жастар саясатындағы ынтымақтастықтың кәсіби әрекеттестігінің түрлі аспектілері, сонымен қатар, алда болатын ТМД-дағы Мәдениет жылына дайындық барысы қарастырылды.

Форумға қатысушылар атап өткендей, Достастық елдердің білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы өзара байланыс арналары ұзақ мерзімді бірлескен бағдарламалар мен жобалар болды, олардың басым бөлігі халықтардың жақындасуына қызмет етеді. Алда келе жатқан ТМД-дағы мәдениет Жылы аясындағы ынтымақтастықтың болашағы мен нақты көпжақты жобалары талқыланды.

Қазақстанды білім және ғылым саласы мен мәдениет саласында қызмет ететін он адамнан құралған делегация таныстырды. «Ұлытау» ұлттық тарихи -мәдени және табиғиқорық – мұражай директоры Бақтияр Қожахметов қорық-мұражай Ассоциациясы атынан Қазақстанда ТМД қорықтарының Салтанатты шеруін (Парад) өткізу жайлы ұсыныс жасады. Аталған ұсынысты Форум Резолюциясына қосты.