Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мақала және жарияланымдар

Мерке әулиесі

Басты бет - Материалдар - Мақала және жарияланымдар - Көшпелілердің ат әбзелдеріне байланысты кейбір мәселелері (ҚР МОМ-ның қор коллекциясы негізінде)

Көшпелілердің ат әбзелдеріне байланысты кейбір мәселелері (ҚР МОМ-ның қор коллекциясы негізінде)

Дүйсенбі, 12 маусым 2017Көшпелілердің ат әбзелдеріне байланысты кейбір мәселелері  (ҚР МОМ-ның қор коллекциясы негізінде)

Айткұл Хамит Амантайұлы
ҚР Мемлекеттік орталық музейі
Археология орталығының жетекшісі
Алматы қ.

Көшпелілердің ат әбзелдеріне байланысты кейбір мәселелері
(ҚР МОМ-ның қор коллекциясы негізінде)

Тарихта ат әбзелінің маңызды бөлігі – үзенгінің пайда болу жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Көптеген зерттеушілер үзенгінің пайда болуын көшпелі немесе жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халықтардың өмір тіршілігімен байланыстырады [1, 111-112 бб.]. Түркілердің үзенгіні пайдалануы ең алдымен VI ғ. алдыңғы қасы немесе керсенінің ағаштан жасалған ертоқымның пайда болуына байланысты болуы мүмкін [2, 62-74 бб.]. Сондай ақ, алдыңғы қасы немесе керсенінің ағаштан жасалған ердің пайда болу жөнінде де бірыңғай қалыптасқан пікір жоқ. С.И. Руденко аталмыш ерлер Азияда V ғасырдан ертерек пайда болғанын айтады, өйткені VI ғ. бұл ер түрлері кеңінен пайдаланылған [3, 253 б.].
Белгілі болғандай, үзеңгі салт аттыны ерге отырғызуды жеңілдету үшін қызмет етеді және салт атпен жүру кезінде аяққа тіреуіш болып табылады. Айта кету керек, үзеңгі отыру үшін қажет емес, ерде тік тұруға немесе кішкене көтерілуге, және ерге тұрақтап отыруға қажет. Ерге отырғызуға арналған үзеңгіге қажеттілік салт аттылардың пайда болған кезінен бастап қолданылуы мүмкін. Үзеңгінің екінші негізгі функциясы бірінші кезекте ат үстінде қоян-қолтық ұрыс және салт атты жауынгердің қарулану ерекшеліктерінен туындаған болуы керек.
Көптеген жазбаша деректер найзаның қирататын соққы күшін егжей-тегжейлі сипаттайды: қарсыласын жиі найзамен жаншып және қалай болғанда да, ерден құлатқан. [4, 49-74 бб.] Бәріне белгілі, әрекет күші қарсылық күшіне тең. Сондықтан шабуылдаушы найзаның соққысынан кейін жерде болуы тиіс. Катафрактарийдің қатты соққысынан кейін үзеңгінің арқасында ерден жығылмай тұрады.
Жалпы аталмыш мақалада үзеңгінің шығу немесе пайда болу тарихы жөнінде емес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей (әрі қарай ҚР МОМ) қорындағы сақтаулы тұрған үзенгілердің қалыптасу тарихымен хронологиясы жөнінде әңгіме болмақ.
ҚР МОМ-ның Алматы археологиялық экспедициясының Ақтерек тобы аталмыш обалы қорымның солтүстік және оңтүстік обалы топтарында археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ақтерек обалы қорымы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылдық округі Алатаудың солтүстік бөктерінің етегінде Ақтерек және Сұлу қоян өзендерінің алқабтарында орналасқан. Ақтерек қорымының солтүстік тобының № 1 обасы: Ақтерек қорымы солтүстік тобының №1 обасының диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м. Оба үйіндісі таспен топырақтан үйілген. Обаға диаметрі 7 м болатын қазба салынып, үйіндісі топырақтан тазартылды. Обаны 0,25 м тереңдікте топырақтан тазартылған соң, оның үйіндісі негізінен тау тастарынан үйілгені анықталды. Қазба орнын тау тастарынан тазарту барысында екі қыш фрагменті табылды. Қазба кейінірек 7,5 м-ге дейін кеңейтіліп 0,50 м, тереңдікке дейін қазылды, осы тереңдікте қазба орнын топырақтан тазарту барысында, қазбаның әр жерлерінен көлемі әр-түрлі болатын өзен тастары анықталды. Қазба орны тастардан тазартылып тағыда 0,20 м-ге тереңдетілгенде көр шұқырының іздері анықталды, алғашқы өлшемі 2,20х0,75 м болатын.
Обаның ортасында көр шұқыры іздерінің орнында өлшемі 4х4 м болатын қазба салынды. Көр шұқыры солтүстіктен оңтүстіке бағыталғаны анықталды. Қазба жұмыстары барысында көр шұқырын топырақпен ірі және ұсақ тау тастарынан тазарту кезінде, шұқырдың солтүстік бұрышынан 0,45 м тереңдікте адамның бас сүйегі табылды. Археологиялық жұмыстар барысында көр шұқырдың сол жақ бүйірінен лақат орны анықталды. Лақатты топырақтан тазарту барысында адам қаңқасының ретсіз орналасқан сүйектері табылды. Сонымен қатар шұқырдың оңтүстік шетінен 0,65 м тереңдікте жылқының бас сүйегі анықталды. Бұл жерде айта кететін жәйт жылқының бас сүйегінің адам бас сүйегінен 0,20 м тереңірек және қаңқасынан (лақат ішінен) 0,40 м шығысырақ, 0,35 м биіктеу жатуы түсініксіздеу болғанымен, кейінірек анықталғандай аталмыш оба ертеректе тоналып кетсе керек. Жылқының бас сүйегін топырақтан тазарту кезінде оның аузында темірден жасалған сулығы бар екені жәнеде сүйектен жасалған ауыздық немесі тартпа бөлігінің фрагменті табылды [5, 174 бб.].
Сонымен қатар шұқырды топырақтан барысында жылқының қаңқасы толығымен сақталғаны және сүйектермен темірдің қатты шірігені анықталды. Лақатты топырақтан тазарту кезінде, оның оңтүстік шетінен екі темір үзеңгі табылды, сақталуы өте нашар, оны топырақтан тазартып алуда көп қиындықтар туындады. Үзеңгілер өлшемі әр-түрлі, біріншісі; биіктігі 16 см, диаметрі 12 см, үзенгі табанының ені 5 см, ұзындығы 11 см, екіншісі; биіктігі 12,5 см, диаметрі 9 см, үзенгі табанының ені 5 см, ұзындығы 11 см. [6-7, 81-98; 16-20 бб.].
Бұл жереде айта кететін бір мәселе, жылқы оңтүстіке қарай бағытталса, адам қаңқасын солтүстіке қарай бағыттап орналастырған, жылқы оңтүстіке қарай бағытталса да, басын солтүстіке қаратып орналастырған [8, 51-53 бб.]. Адам қаңқасын топырақтан тазарту барысында сол жақ қол саусақтарының жанынан тат басқан сақина табылды, сақинаны таттан тазартылған соң оның күмістен жасалғаны анықталды. Сақина өлшемі; диаметрі 2 см, жуандығы 0,3 см. Жоғарыда айтып кеткенде адам қанқасы ретсіз орналасқан, аяқ сүйектері тізеден төменгі бөлігі көкірек тұсынан табылды. Сонымен қатар адам қаңқасының бас сүйегінің негізгі орналасатын орны тұсының сол жақ төбесінен ұш және екі қырлы темір жебелермен оның саптама фрагменттері табылды. Жебе ұштарының өлшемдері; ұзындығы 7 см, ені 1,2 см; ұзындығы 10,5 см; жебе қалемшесінің ұзындығы 4,5 см, ені 1 см; ұзындығы 3 см, ені 1 см; ұзындығы 5 см, ені 3 см; ұзындығы 5 см, қалемшесінің ұзындығы 3 см, ені 2,5 см; ұзындығы 5 см, сынған жерінің диаметрі 0,8 см; ұзындығы 2 см, ені 1,5 см; ұзындығы 2 см, ені 1,5 см. Жебе ұшының саптамасының өлшемдері; ұзындығы 2 см, ені 1,5 см [9, 104 б.]. Көр шұқырының оңтүстік бұрышынан жылқы қаңқасының мойын омыртқасы жанынан темір пышақ табылды. Пышақ өлшемі; жалпы ұзындығы 14,5 см, сабының ұзындығы 2,5 см, жүзінің ені 1,5 см. Жылқы қаңқасы топырақтан тазартылған соң өлшемі; жалпы ұзындығы 1,85 см, бас сүйегінің ұзындығы 0,53 см.
Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей және табылған заттарға сүйене отырып ескерткішті алдын-ала болжам бойынша түркі кезеңіне жатқызуға болады, сонымен қатар айта кететін мәселе аталмыш оба ертеректе тоналып кеткен. Обадағы қазба жұмыстарынан кейінгі көр шұқырының жалпы көлемі; 2,20х0,85 м, тереңдігі 1,50 м болғаны анықталды. Аталмыш обада рекультивациялық жұмыстар жүргізілді.
Ақтерек қорымының солтүстік тобының № 2 обасы: Ақтерек қорымы солтүстік тобының № 2 обасы № 1 обадан 3 м шығысырақ орналасқан. Диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м. Оба үйіндісі таспен топырақтан үйілген. Обаға диаметрі 7 м болатын қазба салынып, үйіндісі топырақтан тазартылды. Обаны 0,25 м тереңдікте топырақтан тазартылған соң, оның үйіндісі негізінен тау тастарынан үйілгені анықталды. Бұл жерде айта кететін жайт, аталмыш обада, № 1-ші обаның құрылымына ұқсастығы байқалды. Қазба кейінірек 7,5 м-ге дейін кеңейтіліп 0,50 м тереңдікке дейін қазылды, осы тереңдікте қазба орнын топырақтан тазарту барысында, қазбаның әр жерлерінен көлемі әр-түрлі болатын өзен тастары анықталды. Қазба орны тастардан тазартылып тағыда 0,35 м-ге тереңдетілгенде көр шұқырының іздері анықталды, алғашқы өлшемі 2,20х0,57 м болатын. Обаның ортасында көр шұқыры іздерінің орнында өлшемі 3,5х3,5 м келетін қазба салынды.
Бұл обаның да көр шұқырының бағыты солтүстіктен оңтүстіке бағытталғаны анықталды. Қазба жұмыстары барысында көр шұқырын топырақпен ұсақ тау және өзен тастарынан тазарту кезінде, шұқырдың орта тұсынан 0,45 м тереңдікте ірі қара малының ретсіз орналасқан сүйетері табылды. Көр шұқырының сол жақ бүйірінен лақат орны анықталды. Лақатты топырақтан тазарту барысында адам қаңқасының ретсіз орналасқан сүйектері жатқаны анықталды. Сонымен қатар шұқырдың оңтүстік шетінен 0,55 м тереңдікте жылқының өте нашар сақталған бас сүйегі анықталды. Бұл жерде айта кететін жәйт жылқының бас сүйегімен жалпы қанқасының ретсіз (шашылып) жатқаны анықталды. Осы тереңдікте жүрек және тегіс тіктөртбұрышты тоғалар тәрізді қоладан жасалған ат әбзелдеріде табылды. Сулық тізгінінің әшекей бұйымы, тізгінге екі қадама шегесімен қадалып қатаяды, өлшемі; ұзындығы 3 см, ені 1,2 см; ұзындығы 3 см, ені 1,2 см; ұзындығы 1,5 см, ені 1,2 см; ұзындығы 1,7 см, ені 1 см [10, 175-190 бб.].
Қазба жұмыстары барысында көр шұқырының оңтүстік шетінен адамның өте нашар сақталған бас сүйегі, лақат ішінен 0,25 м. шығысырақ жерден табылуы түсініксіздеу болғанымен, кейінірек анықталғандай аталмыш обада ертеректе тоналып кетсе керек. Адамның бас сүйегінің бет тұсымен маңлайы және төбесі ғана сақталған, бас сүйектің арт жағы мүлдем жоқ, обаны тонау барысында сынып не болмаса шіріп кеткен.
Жылқының бас сүйегін топырақтан тазарту кезінде оның жанынан шіріген темір фрагменттері табылды сулық, тоға немесе үзеңгі бөліктері болуы мүмкін. Темір фрагменттерінің өлшемдері; ұзындығы 11,5 см, ені 4 см; ұзындығы 6,5 см, ені 5 см; ұзындығы 5 см, ені 3 см; ұзындығы 4,5 см, ені 4 см; диаметрі 5 см; ұзындығы 9 см, ені 5 см; ұзындығы 13,5 см, ені 4 см [11, 170-177 бб.].
Бұл жереде айта кететін бір мәселе, аталмыш обада да жылқы оңтүстіке қарай бағыталса, адам қаңқасын солтүстіке қарай бағыттап орналастырған, жылқы сол жақ жамбасымен оңтүстіке қарай бағытталса да, басын солтүстіке қаратып орналастырған. Лақат ішіндегі адам қаңқасын топырақтан тазарту барысында қанқаның ретсіз орналасқаны, аяқ сүйектерінің жанында қабырға сүйектері жатқаны анықталды. Сонымен қатар адам қаңқасының бас сүйегінің негізгі орналасатын орны тұсының сол жақ төбесінен ұш қырлы бір-біріне жабысқан темір жебелер табылды. Жебе ұштарының өлшемдері; ұзындығы 5 см, сынған жерінің диаметрі 0,8 см; ұзындығы 2 см, ені 1,5 см; ұзындығы 2 см, ені 1,5 см.
Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей және табылған заттарға сүйене отырып ескерткішті алдын-ала болжам бойынша түркі кезеңіне жатқызуға болады [12, 346 б.], сонымен қатар айта кететін мәселе аталмыш оба ертеректе тоналып кеткен. Обадағы қазба жұмыстарынан кейінгі көр шұқырының жалпы көлемі; 2,20х0,80 м тереңдігі 1,30 м болғаны анықталды. Аталмыш обада рекультивациялық жұмыстар жүргізілді.
Археологиялық зерттеулердің ақпараттылығын жоғарылату – далалық зерттеулерден бастап теориялық жиынтықтауға дейінгі олардың барлық уақытында өзекті мәселе болып табылады. Археологиялық нысандар туралы ақпарат жетімсіздігі өте ерте заманнан деректерді анықтау секілді жалпыға мәлім қиындықтарға ғана байланысты емес. Қазба барысында алынған материалдардың әр түрлілігі әр түрлі ғылыми сала мағлұматтарын ескере отырап, оларды сан жақты өңдеуді талап етеді. Әр түрлі әдістемелерді біріктіру қажеттілігі осындай зерттеулерді ұйымдастыру мәселелерінің туындауын топшылайды.
Бір мәдени қабаттан байқалған антропологиялық материалдар және артефакттардың зерттелгенділік дәрежесі арасындағы үйлеспеушілік осы пайымдауды растайтын мысал болып табылады. Бірыңғай археологиялық мәнмәтінмен байланысқан осы материалдар тұлғалық сипатта айтарлықтай бөлінеді, бұл тек қазба және консервация әдістемелерін ғана емес, сонымен қатар аналитика тәртіптерінің әмбебап әдістемелерін өңдеуде қиындықтар туындатады. Археологиялық және палентологиялық әдістердің пайдалы үйлесімі археологиялық ескерткіштерді зерттеу практикасына ертеден енгеніне қарамастан, айтып отырған үйлеспеушілік көптеген археологиялық құрылымдарда байқалады.

Файл

Әдебиеттер тізімі
1. Джарылгасинова P.Ш. Древние когурёсцы. М., 1972, 111-112 бб.
2. Вайнштейн С.И. Некоторые вопросы истории древнетюркской культуры. «Советская этнография». 1966. 3. 62-74 бб.
3. Руденко С.И. Башкиры. Историко-этнографические очерки. М.-Л., 1955. 253 б.
4. Хазанов А.М. Очерки военного дела сарматов. М., 1971. 49-74 бб.
5. Савинов Д.Г. Народы Южной Сибири в древнетюркскую эпоху. Л.: ЛГУ. 1984. 174 с.
6. Амброз А.К. Стремена и сёдла раннего средневековья как хронологический показатель (IV-VIII вв.). // СА. 1973. № 4. 81-98 бб.
7. Савинов Д.Г. К проблеме происхождения металлических стремян в Центральной Азии и Южной Сибири. // Актуальные проблемы сибирской археологии. Барнаул: 1996. 16-20 бб.
8. Кызласов Л.Р. Тува в период Тюркского каганата (VI-VIII вв.) // ВМГУ. 1960. №1. Сер. IX: Исторические науки. 51-53 бб.
9. Кищенко В.Г. Стрелы древних и средневековых культур Евразии: реконструкция. Домонгол. 2010. 104 б.
10. Савинов Д.Г. Сросткинский могильник (раскопки М.Н. Комаровой в 1925 г. и С.М. Сергеева в 1930 г.) // Древности Алтая. Вып. 3. Горно-Алтайск, 1998а. 175-190 бб.
11. Савинов Д.Г. Кудыргинский предметный комплекс на Северном Алтае (по материалам Осинкинского могильника) // Памятники древнетюркской культуры в Саяно-Алтае и Центральной Азии. Новосибирск, 2000. 170-177 бб.
12. Кляшторный С.Г., Савинов Д.Г. Степные империи древней Евразии. СПб: 2005. 346 б.

Сурет 1.


1-2. КП 27922/1/2 Ақтерек қорымының солтүстік тобы. ҚР МОМ-ның археологиялық экспедицияясы 2014 ж.
3-4. КП 23870а,б Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қырғауылды шатқалы. Кездейсоқ табылған. ҚР МОМ-ның археологиялық экспедицияясы 1987 ж.
5-6. КП 106 86/1,2 Алматы облысы, Текелі қаласының маңынан 1961 жылы жол жөндеу барысында кездейсоқ табылған.
7-8. КП 2272 Орынбор облысы. 1889 жылы Полтавский ауылының маңындағы обадан табылған. Берлеев өткізген
9-10. КП 23685/1,2,3,4. Ақтөбе облысы, Жақсы Қарғалы өзенінің бойында орналасқан №4 және 6 обалардан табылған. 1904 жылғы Ж.-А. Кастанье қазбасы.
11-12. КП 23692/1,2. Ж.-А. Кастанье тапсырған. Табылған орны белгісіз.

Табылған жері Заттың түрі
1.Ақтерек қорымының солтүстік тобы, оба №1
КП 27922/1/2
2.Кудыргэ қорымы.
Таулы Алтай. Б.з. VI - VII ғғ.
3.Бике III қорымы, қоршау 15. Таулы Алтай. Б.з. VI - VII ғғ.
4.Кызыл-Таш қорымы, қоршау 1. Таулы Алтай. Б.з. VI - VII ғғ.