Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

«Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық Кеңес

Беғазы өңіріндегі зерттеулер   (XIII - XIV ғасыр)

Басты бет - Мемлекеттік бағдарлама - Қоғамдық Кеңес - Қоғамдық кеңес туралы ЕРЕЖЕ

«Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Мәдени Мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Мемлекеттік хатшы тұсындағы Әлеуметтік кеңес туралы 2004-2006 жылдарға арналған қаулы

 

1.Жалпы ережелер

 

1. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңес  (бұдар әрі – Қоғамдық кеңес) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2003 жылғы 30 желтоқсандағы №1 өкімімен құрылған кеңесші орган болып табылады.

 

2. Қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы №1277 Жарлығымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, оны ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу мақсатында құрылады.

 

3. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес Казақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңдарын, осы Ережені басшылыққа алады.

 

4. Қоғамдық кеңес ғалымдармен, әдебиет және өнер, қоғам қайраткерлерімен, орталық басқарушы органдар мен мәдени мекемелер және басқа да мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасайды.

 

2. Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаттары мен функциялары

 

5. Кеңестің негізгі мақсаттары:

  • 2004-2006 арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;
  • ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштерін қайта жаңғырту;
  • қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеудің біртұтас жүйесін жасау;
  • ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарының дестесін әзірлеу.

 

6. Қоғамдық кеңестің функциялары:

  • 2004-2006 арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда тәжірибелік шаралар жасау;
  • бағдарламадағы іс-шаралардың орындалу тетіктерін жасауда ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
  • бағдарламаның мақсаттарын орындау үшін қажетті институттар құру жөнінде ұсыныстар дайындау.

 

3.  Қоғамдық кеңестің құқықтары

 

7. Қоғамдық кеңес өз функцияларын орындау үшің:

  • мемлекет басшысының, Үкіметтің қарауына белгіленген тәртіпте құжаттар жобасын ұсынуға;
  • Қоғамдық кеңестің алдында тұрған міндеттері орындау үшін белгіленген тәртіпте тұрақты немесе уақытша жұмыс  топтарын құруға;
  • қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан алуға;
  • бекітілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіпте ғалымдар мен мамандарды тартуға құқықты.

 

4.Қоғамдық кеңес жұмысын ұйымдастыру

 

8. Қоғамдық кеңес ғалымдардан, әдебиет, өнер, қоғам қайраткерлерінен, сонымен қатар орталық басқарушы мемлекеттік органдардың және мәдени мекемелердің өкілдерінен қалыптасады.

 

9. Қоғамдық кеңестің жұмысы мемлекеттік тілде, бекітілген регламент бойынша жүргізіледі.

10. Қоғамдық кеңестің жұмысын оның төрағасы басқарады. Төраға Қоғамдық кеңес атынан тиісті органдарда өкілдік етеді және кезекті мәжілістің уақытын, өткізілу орнын және күн тәртібін белгілейді.

 

11. Қоғамдық кеңестің мәжілістері жоспарға сәйкес және қажеттілігіне қара» өткізіледі.

12. Қоғамдық кеңес мүшелері талқылайтын мәселелер бойынша тиісті материалдарды қабылданатын шешім жобасымен бірге кезекті мәжіліске бір ай бұрын ұсынады.

 

13. Қоғамдық кеңес мәжілісіне оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, ол заңды болып табылады.

14. Қоғамдық кеңестің шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Қабылданған шешімдер Қоғамдық кеңестің мүшелеріне жіберіледі.

 

15. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдық, ақпараттық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі жүргізеді.