Культурное наследие Национальный проектСохраняя прошлое, создаём будущее   
  • Лента на Twitter
  • Лента на Facebook
  • Youtube
 

Знаковые лица

Аулиеколь   (XIII - XV век)

Главная - Культурное наследие - Знаковые лица - Интересные факты о хане Темирлане (на казахском языке)

Интересные факты о хане Темирлане (на казахском языке)

Пятница, 16 сентября 2016Әмір  Темір туралы аңыз бен ақиқатқа толы деректер көзі бүгінгі таңда жетерлік. Оның дүниеге келуі мен әмір құрған патшалығы туралы аңыздар қаншама. Тек  аңыз ғана емес ақиқаты да баршылық. Өз кезінде жорықтарды үнемі қасында тарихшыларды қоса ұстаған.

Өз заманында қаншама жерлерді жаулап алса да темірге «хан» атауы берілмеген. Ол заманда «хан» деген  атау тек хан тұқымынан шыққандарға ғана берілген. Ал Темір «хан» тұқымынан шықпағаны үшін «хан» атана алмай, тек «әмір» лауазымына ғана ие болған. Кей деректерде Темір қайтыс болған Хұсайын деген әмірдің жесір әйеліне үйленген. Ол Сари Мәлік Хатун Ғазан ханның қызына үйленген. Сондықтан да «гөргән» яғни «күйеу» деген сөз қосылады. Замандастарды мұқату мақсатында «Ақсақ Темір» деп, «Азияның ақсақ барысы» атаған осынау жаһангер Әмір Темірді шығыс елдері «Темірләң», батыс елдері «Темірлан» деп те атаған. (Ақиқат №9 201436) Темірдің аяғындағы қосымша «ләнә- фарсыша «ақсақ» дегенді білдірсе, көне түркіде «ләңке» бұл билеуші, үстем тап өкілі екендігін білдірсе керек-ті.

Сонымен қатар, оны «сахып қыран» деп те атаған. Бұндай атақ шығыс қолбасшыларында тек Бату мен Темірге ғана беріліпті. «Сахиб» деген сөз «қожайын», енді бірде  «жеңімпаз» мағынасында қолданылады.  Ал «қыран»- кәдімгі қыран. «Сахып қыран» деп Б.Қорғанбековтың жинақтаған «Қожа Ахмет Яссауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар» атты кітабында Әмір Темірді осылай атайды.

Ал Темірдің «Ақсақ» аталуының өзіндік екі нұсқасы бар. Бірі  Әмір Темірдің шешесі Сақыпжамал оған екіқабат кезінде түс көреді, түсінде жылан туады. Ол көз алдына үлкейіп айдаһарға  айналады. Айдаһар әуелі Сақыпжамалды жұтып қояды, содан соң елдің ханы Тоқталықты жұтады. Осы түсін үйіне келген кемпірге айтады. «Басқа пәле тілден» деген емес пе, әлгі кемпір сатқындық жасап, Сарыпжамалдың түсін ханға жеткізеді. Хан Сарыпжамалды шақыртып алып, ішін жарып, мазардың ішіне көмусіз тастап кетеді. Сарыпжамалды туған сіңілісі артынан апасының жатқан жеріне барғанда, жылап жатқан сәбиді  көреді. Оның кіндігін тісімен қиып, етегіне орап алады.  Алла тағаланың рахымы күшті ғой!  Байғұс шарасыз қыз, уанбаған емшегін тосқанда, сүт ағып кетеді. Сәби сүтке тояды. «Алладан ажал келмесе, балталаса да өлмейсін» деген осы. Әмір Темір ат жалын тартып мініп, ержеткенше шешесінің кім екенін білмеген.

Ал екінші бір аңызда Ол анасынан ақсақ болып тумаған. Бертін келе жиырма бес жасында, әлі қарақшылық  құрып жүрген кезінде Сақыстанның әмірімен, бір ұрыста  қатты жарақаттанған.  Оң қолы мен аяғынан оқ тиген. Соның салдарынан екі саусағынан айырылып,  оң қолы мен оң аяғы семіп қалған. Содан сол «АқсақТемір» атанған десесді. (Алтын Орда 307 бет)

Б.Қорғанбековтың  жинақтаған « Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар» атты жинағында Әмір Темірдің жорықтарда жолы болмай жүреді. Бір істермен Түркістанға келгенде әулие түсіне еніп; « Менің басыма кесене салдыр. Әлемге атың кетеді» дейді. Патша құрылысқа кіріскенде жұмыс өңбей, күндіз біткен істер түнде бүлініп, қабырға дуалдарды мал құлатып, ұста-шеберлерден  маза кетсе керек.  Тосын қырсыққа қапаланып, ренжіп жүрген Әмір Темірдің түсіне  тағы Әзірет Сұлтан кіріп; « Кесене-мазарды алдымен Отырарда жақан менің ұстазым Арыстан баптың басына салдыр, содан соң Түркістандағы маған кел»,- дейді. Әмір әулие аян-өсиетін орындап, Арыстан бапқа мазар тұрғызған соң, Ясауидің қазіргі ұлы кесенесін салуға кіріседі-делінеді

Әмір Темір өзін «Құран хафизия» деп жариялап өз жорықтарының екінші кезеңін бастайды деген деректерде бар.  Ол құранды жатқа білетін адамға берілетін лақаб болып табылады.

Әмір Темір отыз алты жыл көптеген елдерді бағындырып, салтанат құрды. Осы жылдарда қаншама  соғыс жасап, қан төксе де ғалымдар мен өнерпаздарға аса мән берген.  Ол бағындырған қаланың адамдарын өлтіруге бұйрық берген жағдайдың өзіне ғұлама, діни тұлғалар, өнерпаздар мен шеберлерге тиіспеуге бұйырған. Қай жерде жорық жасаса да өнерпаз шеберлерге тиіспеуге бұйырған. Қай жерде жорық жасаса  да өнерпаз шеберлерді өз астанасы Самархандқа жіберіп отырған. Осылайша Самархандқа  көптеген мешіттер мен сарайлар тұрғызылды. Бұл айында Т.Васильченкрның еңбегінде «Темір басқарған мемлекеттің астанасы Самарханд қаласаы болды. Ол Самархандты өз биліік еткен уақытта сарайлар, мешіттер, кесенелер салдырып, сәулет өнерінің озық үлгісіне айналдырды» деп көрсетді. Сонымен қатар Темір талқандаған қалаларда мешіттер мен мұнаралар ғана аман қалатындығы  аталып өткен (80б)

Тарихшы  Шерефеддин Али-и Иездиннің «Зафарнама» атты еңбегіндегі деректерге қарағанда Әмір Темір 25 шабан 736ж. (9сәуір 1336ж) , он екі жануардан тұратын түрік күнтізбесіне қарай тышқан жылы Кеш (шахризабс( жанындағы Қожа Ылғар ауылында дүниеге келген.

«Зафарнама» (парсы тілінде- «Жеңіс кітабы»)- Низәм әд-Дин Шамидің шығармасы. Әмір Темірдің өмір тарихы туралы қолжазбаның ресми сақталып қалған, екі түрде редакцияланған нұсқасының алғашқысы. 1402-04 жылдары парсы тілінде жазылған. Низәм әд-Дин Шами Бағдаттан 1393жылы қоныс аударып, әмір Темірдің сарайына қызметке ауысады. Сол себепті ол осының алдындағы жылдарда болған оқиғаларды тек ауызша және жазба деректеиелерге сүйеніп жазуы ықтимал. «Зафарнама» Әмір Темірдің тапсыруымен жазылып,и шығарманың атын да өзі қойған. Автор деректеме ретінде Әмір Темірдің көзі тірісінде оның қолбасшылық өмір тарихын және жекелегенжорықтарының күнделіктерін пайдаланған. Белгілі дәрежеде «Зафарнама» авторфы парсы және ұйғыр хатшылары құрастырғанжазбаларына дасүйенген. «Зафарнамада» Әмір Темір өмірі мен қызметінің  негізгі оқиғалары; XIV ғ.2-жартысындағы  оның Мауераннаһрда билікті қолға алу үшін күресі, Моғолстанға, Хорезмге, Хорасанға, Иранға, Грузияға, Дешті Қыпшаққа, Үндістанға тағы басқа елдерге жасаған жорықтары қысқа әрі шежірелік сипатта берілген. «Зафарнамада» Темір серіктестерінің  есімдері, олардың қай тайпа, руға жататындығы келтіріледі оның дұшпандарының  іс-әрекеті, аты-жөндері,  туыстық байланыстары, тағы басқа көптеген мәліметтер бар. Оқиғаны  баяндау желісі 1403жылға дейін жеткізілген. Қазақстанның орта ғасырлық тарихын  зерттеуде шығармада Әмір Темірдің 14ғасырдың  80-жылдарында  Дешті Қыпшақ пен Моғолстанға жасаған  жорықтары жайлы  тараулар айрықша бағалы.  Ондағы материалдар Темірдің  осы аймақтарды  мекендеген көшпелі  халыққа жүргізген жаулаушылық, тонаушылық  саясатын, оның Ақ Орда, Көк Орда мен Моғолстанның дербес экономикалық және саяси дамуына бағыт жасауға ұмтылғанын сипаттайды. Қазақстан жеріндегі осы мемлекеттердің ішкі саяси жағдайы, шаруашылығы, тағы басқа туралы бір сыпыра мәліметтер де бар.  Дешті Қыпшақ пен Жетісудың тарихи географиясы  жөніндегі деректер келтірілген. Әмір Темір тарихын жазумен айналысқан кейінгі дәуірдің көптеген авторлары «Зафарнаманы» деректеме ретінде пайдаланды.  Хафизи Абру оны өзінің «Маджуһа»(1417) , «Зубдат ат-тауарих» атты еңбектерінде еңінен пайдаланды.  Мұхаммед ибн Фазаллах Мусави, Әмір Темір тарихына арналған  «Тарих-и Хайрат» (1412-14) еңбегін «3-ға» сүйеніп жазды. Шараф әд-Дин Әли Иезде де Әмір Темірдің ресми тарихын жазғанда осы еңбекті пайдаланды. «Зафарнаманың» екі қолжазбасыцның бірі Лондонда, екіншісі Стамбулда сақталған.

«Исламизация и сакральные родословные в Центральной Азия» атты қожалар насабнамасының аудармасы топтастырылған кітапта Әмір Темірдің «Біздің шешіремен  баба шежіресін салыстырып көрейік, біз осы әулеттенбіз ғой»-деуі, соңыра құдайға шүкір айырмасы жоқ екен деп  қуанғаны жайлы деректер келтіріледі.  Кім біледі бәлкім Ұлы бабамыздың басын қайтарсам деген ізгі ниеттен кесене тұрғызуға пәрмен беруі, оның ұрпақтарына вакуф белгілеуі де тегін емес болар. Ол әрине тарих еншісінде.

Дегенмен  Әмір Темірдің әлемдік  тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті  ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы  жер суландыру  құрылыстарының  салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен  тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтарағы  түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғылым ойшылдары Әмір Темірдің тарапынан қолдау тапқандығын растайды.  

Әмір Темірдің осындай аз уақытта әлемдік тарихта өзіндік ерекше орны бар мемлекет құра алуы, оның мемлекет қайраткері ретінде жеке қолбасшылық, дарындылық қасиеттерін көрсетеді.

Не десек те Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндей зәулім де ғажайып жәдігерді сыйлаған Әмір Темірдісөз етуге лайық тұлға.

Бейсенбай Қуаныш,

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени

қорық-мұражайының экскурсоводы.